Өңірлер

Депутаттар Ертіс өзенінің көктемгі тасу деңгейінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірді

© Sputnik / Тимур БатыршинАстық жинау
Астық жинау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2023
Жазылу
Павлодар облысының тұрғындары бұл малдың жаппай қырылуына әкеледі деп есептейді
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Павлодарлық мәжілісмендер еліміздегі ең ірі су жайылма аумағы саналатын Ертіс өзенінің көктемгі тасу деңгейінің төмен болу мәселесін көтерді. Олар үкімет пен бас прокуратураға сауал жолдады. Бұл туралы депутат Жарқынбек Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларынан табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулері жеткіліксіз болғандықтан, Ертіс алқабының тіпті жартысына да су жайылмаған. Осының салдарынан мыңдаған облыс тұрғыны күзде малдың жем-шөбінсіз қалуы мүмкін.
Сәуір айының соңында мәжілісмендер бұл мәселе бойынша энергетика министрлігіне жедел түрде шешім қабылдауды сұрап хат жазған болатын. Бірақ жауап та, шешім де болмаған.
Сондықтан олар келесі жылы мұндай жағдай қайталанбауы үшін тиісті тексеру жүргізуді сұрады.
"Иә, өзекті мәселе. Май ауданында шалғынға су мүлде жіберілмеген. Егер аптап ыстық бірнеше күнге созылса, бәрі өртеніп кетеді!", - деп шағымданды облыс тұрғындары әлеуметтік желіде.
Олар биыл жағдайды түзету мүмкін емес деп есептейді.
"Бір ғана шешім бар: субсидия және арзандатылған жанар-жағармай бөлу арқылы жем дайындау керек. Әйтпесе 2012-2013 жылдың қысындағы жағдай қайталанып, мал жаппай қырылады", - деп жазады тұрғындары.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, сәуір айының соңында бір топ мәжілісмен экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға Бұқтырма су қоймасынан судың орташа тәуліктік жіберілуін азайтуға қатысты депутаттық сауал жолдаған.
"Ертіс өзені алқабының су басуын азайту экожүйенің нашарлауына және шабындық түсімінің төмендеуіне әкеледі", - деп есептейді депутаттар.
Жаңалықтар
0