Қоғам

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

© Sputnik / Владислав ВодневБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 маусым - Sputnik. Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі.
1949 жылы қарашада Парижде өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен мерекені 1 маусымда атап өту туралы шешім қабылданды. Балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы әлемнің 51 елінде өтті.
Мақсаты – балалардың өмір сүруге, сөз бостандығына, білім алу және қорғау құқығы бар екенін еске салу.
Халықаралық құқық деңгейінде басты құжат БҰҰ қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция болып есептеледі. Ол 1989 жылы 20 қарашада қабылданған.
Халықаралық балаларды қорғау күнінің туы бар: жасыл түсте жер белгісінің айналасында қызыл, сары, көк, ақ және қара мүсіндер бейнеленген. Жасыл өсуді, үйлесімділікті білдіреді. Адам бейнелері әртүрлілік пен төзімділікті білдіреді. Жер белгісі – бүкіл адамзаттың ортақ үйінің символы.

Қазақстан халқының үштен бірі - балалар

Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,7 миллионға жуық бала тұрады, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы. Жалпы халық санындағы кішкентай қазақстандықтардың үлесі қазір 34,1%. Бұл көрсеткіш он жыл бұрын 30,1% болса, 2010 жылы небәрі 29,7% болған.
Халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі ең көп Түркістан облысында - 43,3%. Ал ең аз Солтүстік Қазақстан облысында - 24%.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2023
Астанада Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді
Жаңалықтар
0