https://sputnik.kz/20230531/zhumysqa-aleumettik-zheli-arqyly-ornalasqan-qaragandyda-resey-azamaty-ustaldy-35475381.html
Қарағандыда Ресей азаматы ұсталды
Қарағандыда Ресей азаматы ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Қарағанды полицейлері есірткі қойып кетіп жүрген Ресей азаматын қолға түсірді. Ол өзінің есірткі сатумен айналысып жүргенін... 31.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-31T15:38+0500
2023-05-31T15:38+0500
2023-05-31T16:18+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Қарағанды полицейлері есірткі қойып кетіп жүрген Ресей азаматын қолға түсірді. Ол өзінің есірткі сатумен айналысып жүргенін мойындады, деп хабарлады Polisia.kz.Қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы гараждардың аумағынан 24 жастағы азаматты ұстады. Ол ұнтақ тәрізді ақ түсті заты салынған18 орамды өз еркімен берді. Ұсталған азамат осыған дейін бірнеше жерге есірткі жасырып үлгергенін мойындады.Оның айтуымен оқиға орындарына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері тағы да 32 орам ақ түсті ұнтақты тәркіледі.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін іздеуге жарияланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Қарағандыда Ресей азаматы ұсталды
15:38 31.05.2023 (жаңартылды: 16:18 31.05.2023) АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Қарағанды полицейлері есірткі қойып кетіп жүрген Ресей азаматын қолға түсірді. Ол өзінің есірткі сатумен айналысып жүргенін мойындады, деп хабарлады
Polisia.kz. Қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы гараждардың аумағынан 24 жастағы азаматты ұстады. Ол ұнтақ тәрізді ақ түсті заты салынған18 орамды өз еркімен берді. Ұсталған азамат осыған дейін бірнеше жерге есірткі жасырып үлгергенін мойындады.
Оның айтуымен оқиға орындарына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері тағы да 32 орам ақ түсті ұнтақты тәркіледі.
"Күдікті өзінің Ресей азаматы екенін және бұл "жұмысқа"әлеуметтік желі арқылы орналасқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, Ресей азаматынан тәркіленген зат 30,1 грамм есірткі заты екені белгілі болды", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін іздеуге жарияланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.