Жетісу облысының билігі Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтеді
© Photo : Пресс-служба акимата Жетысуской областиЖетісу облысының билігі Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтеді
© Photo : Пресс-служба акимата Жетысуской области
Жазылу
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Жетісу облысының делегациясы Қытайға жұмыс сапары кезінде Қорғас қаласында көлік, логистика және сауда-саттық салаларындағы байланыс жөнінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстандағы "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА басқару компаниясы" АҚ, "Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы" ЖШС және Қытай Халық Республикасының "Халықаралық Шекара маңы ынтамақтастығы орталығы" ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлады Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба акимата Жетысуской областиЖетісу облысының билігі Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтеді
Жетісу облысының билігі Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтеді
© Photo : Пресс-служба акимата Жетысуской области
Жетісу облысының 563 шақырымы Қытаймен шектеседі. Өңірдің транзиттік әлеуеті зор, өйткені Қытайдан Еуропаға жүктерді 11 күнде жеткізуге мүмкіндік беретін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансқұрлықтық автомобиль жол дәлізі Жетісу арқылы өтеді. Ал "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД елдері мен Еуропаға дейінгі маңызды маршруттардың тоғысында, географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан. Сондықтан Қытай тарапы өңірмен байланысты арттыруға мүдделі екенін білдірді.
"Жетісу өңірімен достығымыздың жаңа деңгейге көтерілгенін қалаймыз. Осыған бірлесіп атсалыссақ. Іле облысы мен Жетісу облысы арасында үнемі жүзеге асатын механизмдерді іске қоссақ дейміз. Екі тарап бірлесіп, арнайы жұмыс тобын құрсақ, жұмысымыз да жеңілдей түсер еді", - деді ҚХР ҚКП хатшысы Хао Цзяньминь.
Ал Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін және өңір тарапынан қажетті қолдаудың барлығы көрсетілетінін жеткізді. Инвесторлар үшін әкімшілік және экономикалық тұрғыдан қолайлы жағдайлар жасалатынын атап өтті.
"Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының экономикасы соңғы 15 жылда айтарлықтай өскенін көрдік. Сондықтан Іле облысы мен Жетісу облысы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастыруды біз де қолдаймыз. Екі өңір арасындағы байланысты реттейтін жұмыс тобын құру туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын. Шекарадан өтетін жүк көлік санын арттыруға да, кедендік рәсімдерді реттеуге де күш саламыз. Бұл жұмыстардың ілгерілеуіне бірлескен арнайы жұмыс тобы ықпал ететін болады", - деді Исабаев.
© Photo : Пресс-служба акимата Жетысуской областиЖетісу облысының билігі Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтеді
Жетісу облысының билігі Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтеді
© Photo : Пресс-служба акимата Жетысуской области
Сондай-ақ ол аймаққа 5 стратегиялық бағыт бойынша инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, бұл қатарда агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және логистика, туризм, өнеркәсіп, оның ішінде жер қойнауын пайдалануды дамыту салалары бар.
Кездесу соңында Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы мен сауда-логистикалық арнайы экономикалық аймақтары арасында үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.