Қазақстан құрамасының бас бапкері Еуро-2024 іріктеу матчтарына қатысатын ойыншыларды атады

© Sputnik / Владислав Воднев Магомед Адиев
 Магомед Адиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2023
Жазылу
Ұлттық құрама 17 және 20 маусымда Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы екі ойын өткізеді
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңінің алдағы матчтарына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устиненко ("Қайрат").
Қорғаушылар: Сергей Малый мен Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Александр Марочкин ("Тобыл"), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев және Тимур Досмағамбетов (барлығы – "Астана"), Лев Скворцов ("Химки"), Еркін Тапалов ("Қызылжар"), Нұралы Әліп ( "Зенит"), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Марат Быстров ("Ахмат").
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Эльхан Астанов, Аслан Дарабаев (барлығы – "Астана"), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – "Ақтөбе"), Рамазан Оразов ("Тобыл") және Асхат Тағыберген ("Ордабасы").
Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Вячеслав Швырев және Артур Шушеначев (екеуі де – "Қайрат").
Жаңалықтар
0