https://sputnik.kz/20230531/europadagy-qaruly-kushter-turaly-sharttyn-kushi-zhoyyldy-saldary-qanday-bolmaq--35535835.html
Еуропадағы қарулы күштер туралы шарттың күші жойылды: салдары қандай болмақ
Еуропадағы қарулы күштер туралы шарттың күші жойылды: салдары қандай болмақ
Sputnik Қазақстан
Ресей президенті Владимир Путиннің Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарттың (ЕҚҚКШ) күшін жою туралы кешегі жарлығы бірінші қырғи-қабақ соғыстың... 31.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-31T18:11+0500
2023-05-31T18:11+0500
2023-06-05T11:11+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1e/15897377_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_b81e50aacec1e76edc18bb769f94a01a.jpg
Ресей президенті Владимир Путиннің Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарттың (ЕҚҚКШ) күшін жою туралы кешегі жарлығы бірінші қырғи-қабақ соғыстың қорытындысы бойынша ресейліктер мен америкалықтар келіскен қауіпсіздік архитектурасын жоюдың нүктесі болды, деп жазды РИА Новости.Енді Ресей де ЕҚҚКШ-да белгіленген шектеулерді есепке алмай, қаруды өз аумағында және қалаған мөлшерде, сондай-ақ қажет деп санаған жерге шоғырландыра алады. Анығында 15 жылдан бері Ресейді бұл тұрғыда ештеңе шектеген жоқ. Өйткені 2007 жылы Владимир Путин басқа жарлығымен Ресейдің бұл келісімге қатысуын тоқтатты. Егер қазіргі жарлық нүкте болса, онда аталған жарлық бірінші ескерту болды, дәлірек айтсақ, екіншісі: себебі баатыстағылар Ресей мен Батыс арасындағы қазіргі текетірес Путиннің Мюнхендегі 2007 жылы айтқан сөзінен басталды деп санайды."Саясат үшін он бес жыл ұзақ уақыт. Бірақ сонша уақыт бойы қолданыста болмаған құжаттың күшін тоқтату қазір рәсімділікті сақтану емес, ол Ресейдің Батысқа жолдаған сигналы. Бұл Мюнхендегіден де маңыздырақ болуы мүмкін. Егер Вашингтон мен Брюссель сол кезде айтылған сөзді тыңда, оған құлақ асқан болса, онда ЕҚҚКШ-ны сақтап қалуға болар еді. Тіпті Ресейдің шартқа қатысуын тоқтатудың да қажеті болмас еді. Нәтижесінде әлем НАТО-ның кеңеюінсіз, Украинаға айнасындағы қақтығыссыз, санкцияларсызөмір сүрер еді. Бірақ Батыс басқа жолды таңдады", - деп жазды мақала авторы.Жалпы ЕҚҚКШ маңызды құжат болды: Еуропа тарихында бірінші рет мұндағы мемлекеттер қорғаныс мәселесінде ашықтыққа келісті, қарулану жарысы тоқтатылды, үшінші дүниежүзілік соғыс болуы аңызға айналды, жаңа әлем қалыптасты. Кейіннен Солтүстік Атлантикалық альянс ЕҚҚКШ-ға қол қою кезіндегі уәделеріне қайшы, яғни шығысқа қарай кеңейе бастаған кезде бұл құжат Батыстың Ресейді тежеу элементіне айналды.Вашингтон мен Брюссель Балтық жағалауы республикаларын шартқа қосылуға оңай көндіре алуына қарамастан бұл мемлекеттердің құжатқа қосылмауы ЕҚҚКШ схемасында Ресей үшін негізгі қауіп болды. Іс жүзінде бұл НАТО-ның Ресеймен шектесетін мемлекеттердің аумағында америкалық танктер секілді қару-жарақты қалаған мерзім бойы ұстауын білдірді. Ал шарт Мәскеуді қару-жарақ саны мен олардың орналасуы бойынша шектеді. Сондықтан қазіргі ахуалды ескерсек, шарт талаптарын сақтау Ресей үшін өзін-өзі жоюмен парапар болар еді."Осылайша Ресей үшін маңызды қадамның барлығы 2007 жылы болды. Бірақ Батыс үшін шарт күшін жойған қазіргі уақытта енді орындалып жатыр. Ресей шарт талаптарын 16 жыл бойы орындамағанмен, бірақ осы жылдар ішінде президенттің бір жарлығымен оған қайта оралуға болатын еді. Енді кері қайтару мүмкін емес: Еуропаны демилитаризациялауды қайта бастау үшін жаңа келісімді келісу, оған қол қою және оны ратификациялау қажет. Бұл жаңа қырғи-қабақ соғысқа нүкте қоятын ымыра болатын секілді", - деп жазды мақала авторы. Бір күні құрлықтағы көрші мемлекеттер бір-біріне қарсы әскер құрудан гөрі ынтымақтасу тиімдірек екенін түсінеді. Ынтымақтастық қалыпты жағдай, ал жаңа дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін саяси қақтығыс қауіпті аномалия болып табылады. Ал бұл аномалия АҚШ-тың Еуропа істеріне ықпалының күшеюінің салдарынан туындады. Қауіпсіз және қарусыз Еуропа туралы арманды орындалмастай еткен де осы фактор.АҚШ тұрақсыздандырушы фактор ретінде өзін жояды. Бұл жақын арада болмағанымен, Еуропа Американың ықпалына неғұрлым қарсылық танытса, бұл жағдай соғұрлым тезірек болса. Бұл айтылғанның ақиқат болу еекіталай секілді көрінгенімен, оған себеп болатын маңызды себептер қазірден байқалады Соның бірі ретінде ЕҚҚКШ-ның жойылуы.Еуроодақ елдерінің азаматтары қырғи-қабақ соғыстың үлкен шығын екенін әлі түсіне қойған жоқ. Мұны бұрын білетіндер қазір ұмытып та үлгерді. Ресеймен экономикалық текетірестен келтірілген шығындар ұзақ дағдарыстағы алғашқы салдарлар ғана. Қорғаныс саласындағы үнемдеу әлеуметтік салаға миллиардтаған еуроны қосымша құюға мүмкіндік берген күндер артта қалды. Оның орнына, керісінше, үнемдеп, көбірек салық төлеуге тура келеді."Ресеймен жүйелі текетірес еуропалық әл-ауқатты құлдырататыны сонша, ерте ме, кеш пе, бір тарап бұл ысырапшылдықты доғарғысы келеді. Себебі ресейлік нарыққа қол жеткізу және одан энергия ресурстарын алудың орнына үшінші дүниежүзілік соғысқа инвестиция салудың тиімсіз екенін түсіну қиын емес", - деп жазды автор. Еуроодақ елдерінің көшбасшылары мұны қазір де түсініп отырғанымен, мүлде басқа сценарий басталып кетті. Сондықтан бейбітшілік пен сенім кепілдігіне апаратын жол қиын әрі күрделі болады. Сол уақытқа дейін Ресейге өзіне қатысты жүргізілген текетіреске қарсы тұруы қажет.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1e/15897377_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_14aca8869f9ab473bcfbdb86ee4711ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресей президенті Владимир Путиннің Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарттың (ЕҚҚКШ) күшін жою туралы кешегі жарлығы бірінші қырғи-қабақ соғыстың қорытындысы бойынша ресейліктер мен америкалықтар келіскен қауіпсіздік архитектурасын жоюдың нүктесі болды, деп жазды
РИА Новости.Енді Ресей де ЕҚҚКШ-да белгіленген шектеулерді есепке алмай, қаруды өз аумағында және қалаған мөлшерде, сондай-ақ қажет деп санаған жерге шоғырландыра алады. Анығында 15 жылдан бері Ресейді бұл тұрғыда ештеңе шектеген жоқ. Өйткені 2007 жылы Владимир Путин басқа жарлығымен Ресейдің бұл келісімге қатысуын тоқтатты. Егер қазіргі жарлық нүкте болса, онда аталған жарлық бірінші ескерту болды, дәлірек айтсақ, екіншісі: себебі баатыстағылар Ресей мен Батыс арасындағы қазіргі текетірес Путиннің Мюнхендегі 2007 жылы айтқан сөзінен басталды деп санайды.
"Саясат үшін он бес жыл ұзақ уақыт. Бірақ сонша уақыт бойы қолданыста болмаған құжаттың күшін тоқтату қазір рәсімділікті сақтану емес, ол Ресейдің Батысқа жолдаған сигналы. Бұл Мюнхендегіден де маңыздырақ болуы мүмкін. Егер Вашингтон мен Брюссель сол кезде айтылған сөзді тыңда, оған құлақ асқан болса, онда ЕҚҚКШ-ны сақтап қалуға болар еді. Тіпті Ресейдің шартқа қатысуын тоқтатудың да қажеті болмас еді. Нәтижесінде әлем НАТО-ның кеңеюінсіз, Украинаға айнасындағы қақтығыссыз, санкцияларсызөмір сүрер еді. Бірақ Батыс басқа жолды таңдады", - деп жазды мақала авторы.
Жалпы ЕҚҚКШ маңызды құжат болды: Еуропа тарихында бірінші рет мұндағы мемлекеттер қорғаныс мәселесінде ашықтыққа келісті, қарулану жарысы тоқтатылды, үшінші дүниежүзілік соғыс болуы аңызға айналды, жаңа әлем қалыптасты. Кейіннен Солтүстік Атлантикалық альянс ЕҚҚКШ-ға қол қою кезіндегі уәделеріне қайшы, яғни шығысқа қарай кеңейе бастаған кезде бұл құжат Батыстың Ресейді тежеу элементіне айналды.
Вашингтон мен Брюссель Балтық жағалауы республикаларын шартқа қосылуға оңай көндіре алуына қарамастан бұл мемлекеттердің құжатқа қосылмауы ЕҚҚКШ схемасында Ресей үшін негізгі қауіп болды. Іс жүзінде бұл НАТО-ның Ресеймен шектесетін мемлекеттердің аумағында америкалық танктер секілді қару-жарақты қалаған мерзім бойы ұстауын білдірді. Ал шарт Мәскеуді қару-жарақ саны мен олардың орналасуы бойынша шектеді. Сондықтан қазіргі ахуалды ескерсек, шарт талаптарын сақтау Ресей үшін өзін-өзі жоюмен парапар болар еді.
"Осылайша Ресей үшін маңызды қадамның барлығы 2007 жылы болды. Бірақ Батыс үшін шарт күшін жойған қазіргі уақытта енді орындалып жатыр. Ресей шарт талаптарын 16 жыл бойы орындамағанмен, бірақ осы жылдар ішінде президенттің бір жарлығымен оған қайта оралуға болатын еді. Енді кері қайтару мүмкін емес: Еуропаны демилитаризациялауды қайта бастау үшін жаңа келісімді келісу, оған қол қою және оны ратификациялау қажет. Бұл жаңа қырғи-қабақ соғысқа нүкте қоятын ымыра болатын секілді", - деп жазды мақала авторы.
Бір күні құрлықтағы көрші мемлекеттер бір-біріне қарсы әскер құрудан гөрі ынтымақтасу тиімдірек екенін түсінеді. Ынтымақтастық қалыпты жағдай, ал жаңа дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін саяси қақтығыс қауіпті аномалия болып табылады. Ал бұл аномалия АҚШ-тың Еуропа істеріне ықпалының күшеюінің салдарынан туындады. Қауіпсіз және қарусыз Еуропа туралы арманды орындалмастай еткен де осы фактор.
АҚШ тұрақсыздандырушы фактор ретінде өзін жояды. Бұл жақын арада болмағанымен, Еуропа Американың ықпалына неғұрлым қарсылық танытса, бұл жағдай соғұрлым тезірек болса. Бұл айтылғанның ақиқат болу еекіталай секілді көрінгенімен, оған себеп болатын маңызды себептер қазірден байқалады Соның бірі ретінде ЕҚҚКШ-ның жойылуы.
Еуроодақ елдерінің азаматтары қырғи-қабақ соғыстың үлкен шығын екенін әлі түсіне қойған жоқ. Мұны бұрын білетіндер қазір ұмытып та үлгерді. Ресеймен экономикалық текетірестен келтірілген шығындар ұзақ дағдарыстағы алғашқы салдарлар ғана. Қорғаныс саласындағы үнемдеу әлеуметтік салаға миллиардтаған еуроны қосымша құюға мүмкіндік берген күндер артта қалды. Оның орнына, керісінше, үнемдеп, көбірек салық төлеуге тура келеді.
"Ресеймен жүйелі текетірес еуропалық әл-ауқатты құлдырататыны сонша, ерте ме, кеш пе, бір тарап бұл ысырапшылдықты доғарғысы келеді. Себебі ресейлік нарыққа қол жеткізу және одан энергия ресурстарын алудың орнына үшінші дүниежүзілік соғысқа инвестиция салудың тиімсіз екенін түсіну қиын емес", - деп жазды автор.
Еуроодақ елдерінің көшбасшылары мұны қазір де түсініп отырғанымен, мүлде басқа сценарий басталып кетті. Сондықтан бейбітшілік пен сенім кепілдігіне апаратын жол қиын әрі күрделі болады. Сол уақытқа дейін Ресейге өзіне қатысты жүргізілген текетіреске қарсы тұруы қажет.