Ақтауда жұмыс істемейтін жарықтандыруға 159 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды

© сайт акимата АстаныУличное освещение
Уличное освещение - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Ақтауда қаланың сыртқы аймағын жарықтандыруға қомақты қаражат бөлінгенімен, тиісті жабдықтар әлі де қосылмаған, деп хабарлайды жергілікті lada.kz порталы.
Ақпаратқа сәйкес, "Адай" автобазасынан Баянды ауылына дейінгі тас жолды сыртқы жарықтандыруға 249 миллион теңгеден астам қаржыға қарастырылған. Бұл сомадан 159 миллион теңгеден астам қаражат мердігерге аударылған. Алайда күн панельдеріндегі жарықтандыру жүйелері сол күйі іске қосылмаған. Бұл туралы "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
Аймақтағы билік жарықтандыру бойынша былтыр жазда мердігер компаниямен келісімге қол қойған. Құжат талаптарына сәйкес, мердігер компания құрылыс жұмыстарын төрт айда бітіруі керек болған. Алайда белгіленген мерзімнің сақталмағанына қарамастан, жауапты ұйымдар бюджет қаражатын оның есепшотына аударып, онымен келісімшартты бұзуға асықпаған.

"Әкімдік 2022 жылдың маусым айында 4 ай мерзіммен келісімшартқа қол қойған. Бірақ жұмыстар уақытылы орындалмауына қарамастан, қаржыны игеріп, жабдықтаушыларға 159 миллион теңге аударған. Біз осы факті бойынша дабыл қаға бастадық. Нәтижесінде тек 2023 жылдың 1 ақпанында әкімдік сот арқылы жабдықтаушыны жосықсыз деп танып, одан 1,7 миллион теңге айыппұл өндіріп алуға әрекеттеніп жатыр", - деп жазды Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сот жауапқа тартылған тарап 58 750 476 теңгенің жұмысын аяқтамағанын анықтады. Қоғам белсендісінің пікірінше, бұл әкімдік аяқталмаған жұмыстың ақысын төлеп, сотқа талапарызбен жүгінуге асықпаған. Ал бірінші сатыдағы сот талапкердің арызын қанағаттандырса, екінші сатыдағы сот ол шешімнің күшін жойған.
"Неге бұлай болып жатыр деп ойлайсыздар? Жабдықтаушының жауапкершіліктен жалтаруына неге жол беріліп отыр? Шенеуніктер қаражатты қайтаруға құлқы танытпайды. Ең бастысы – аймақтың жарықтандырылуын халық әлі қанша күтуі керек? Әкімдіктің осы тірлігін әлі де анықтаймыз", - дейді Смағұлов.
Жаңалықтар
0