Жамаубаев бұғатталған қаржы туралы: Қазақстанға кететініне Еуроодақты сендіруіміз керек

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Еуразиялық даму банкінде бұғатталған қаражатқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, бастысы – келіссөз процесін дұрыс жолға қою.
"Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Банктің өзі санкциялық тізімге енбеген, жұмыс істеп тұр және Қазақстанда өте көп жобаны жүзеге асырады. Инвестициялық жобалардың 40%-тен астамы біздің елге бағытталған. Біз бұл ақша Қазақстанға кететініне Еуроодақ билігін сендіруіміз керек", - дейді Жамаубаев үкімет кулуарында.
Қазақстан үкіметі биыл ЕДБ-ның Қазақстанға бағыттайтын инвестициялық жобаларының үлесі көп болады деп күтіп отыр. Қазірдің өзінде елу пайызға жуықтаған.
"Бір ғана 2022 жылдың өзінде 2 млрд долларға қаржыландырды, биыл да дәл осындай сома болады. Ал бұғатталғаны – 700 млн доллар шамасында", - дейді Жамаубаев.
Еске салсақ, Қазақстан Еуразиялық даму банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алды. Осыдан кейін Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларының кесірінен ЕДБ-ның қаражаты бұғатталып қалды.
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2023
Мобильді аударымдар тексерілмейді – қаржы министрі
Жаңалықтар
0