https://sputnik.kz/20230530/tiktok-ta-qumar-oyyndar-kobeydi--agenttik-eskertu-zhasady-35415133.html
TikTok-та құмар ойындар көбейді – агенттік ескерту жасады
TikTok-та құмар ойындар көбейді – агенттік ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "TikTok" желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 30.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-30T09:17+0500
2023-05-30T09:17+0500
2023-05-30T09:17+0500
әлеуметтік желілер
құмар ойын
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32721676_0:154:3072:1882_1920x0_80_0_0_5b80527fbb17edabce4b351c2eba6eb2.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "TikTok" желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Осы уақытқа дейін онлайн ойын ұйымдастыратын 100-ден астам аккаунт анықталды.Ал Қылмыстық кодекстің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыс үшін бірнеше адам сотталған.Мәселен, "TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының екі тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан. Олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді."Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот "TikTok" желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда. Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы", - деп атап көрсетті агенттіктің ресми өкілі.
https://sputnik.kz/20230515/akademiya-kursantynyn-olimi-uqk-suitsidke-qumar-oyyndar-sebep-bolganyn-rastady-34896396.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32721676_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_9880b388d5e5dc2f943dc7e4ca748d72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер, құмар ойын
әлеуметтік желілер, құмар ойын
TikTok-та құмар ойындар көбейді – агенттік ескерту жасады
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "TikTok" желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Осы уақытқа дейін онлайн ойын ұйымдастыратын 100-ден астам аккаунт анықталды.
"Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады", - дейді агенттік мамандары.
Ал Қылмыстық кодекстің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыс үшін бірнеше адам сотталған.
Мәселен, "TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының екі тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан. Олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
"Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот "TikTok" желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда. Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы", - деп атап көрсетті агенттіктің ресми өкілі.