Ресей мен Беларусь дрондарға қарсы аппарат құрастырады

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУчения по борьбе с воздушными целями, архивное фото
Учения по борьбе с воздушными целями, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
Украинада және ғаламшардың басқа да әскери қақтығыс нүктелерінде пилотсыз ұшу аппараттарын белсенді пайдалану дрондарды ең жоғарғы қашықтықта жоюға арналған жауынгерлік лазерлік жүйелердің дамуын жеделдетуге ықпал етеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Бұл жоғары технологиялық салада Беларусь пен Ресей көш бастап тұр. Минск ЛЭМТ ғылыми-техникалық орталығы мен Мәскеудің аты аталмаған екі ғылыми-зерттеу институтының беларусь және ресейлік мамандары үлкен қуаттағы жауынгерлік лазерін бірлесіп дайындап жатыр.
Ондаған шақырым қашықтықта пилотсыз ұшатын аппараттарды жоюға арналған 100 кВт қуаты бар лазерді екі жыл ішінде әзірлеу жоспарлануда. 2023 жылы әзірлеушілер жұмыс істейтін прототипін ұсынбақ.
"Беларусьтік ЛЭМТ кәсіпорнының мамандары Таяу Шығыстағы соғыс жағдайында сәтті сынақтан өткен төмен қуатты лазерді (30 кВт) жасаған. Мобильді және стационарлық нұсқалардағы жүйе 1 500 метрге дейінгі қашықтықта қарсыластың дрондарын өз бетінше анықтайды, сәйкестендіреді, ілесе жүреді және жояды", - деп жазды Хроленко.
Жаңа буындағы ресейлік "Задира" сериялы кешені 5 000 метр қашықтықтағы пилотсыз ұшақты бес секундта жоюға (жағып жіберуге) қабілетті. Бұл 2022 жылдың көктемінде Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында дәлелденді. Ресей қорғаныс министрлігі алты жыл бұрын "жаңа физикалық принциптерге негізделген" "Задира-16" жауынгерлік кешенін әзірлеуге тапсырыс берді.
2017 жылы пайдалануға берілген ресейлік "Пересвет" лазерлік жүйесі 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жауынгерлік кезекшілікте болды. Ол жерден 1500 километрге дейінгі биіктікте лазерлік импульспен қарсыластың спутниктік жүйелерін істен шығара алады.
Жалпы "Пересветтің" қуаты атмосферадағы барлау ұшақтары мен дрондардың жабдықтарын жоюға (күйдіріп жіберуге) мүмкіндік береді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің тиімді элементі ретінде "Пересвет" 2020 жылдың көктемінде Сирияда сәтті сынақтан өтті – лазерлік импульспен зақымдалған америкалық "Томаггавктар" нысанамен оптикалық байланысын жоғалтып, өз-өздерін жойды.
"Пересветті" одан әрі жетілдіру лазердің қуатын арттыруға және аппараттың өлшемін азайтуға бағытталған. Жауынгерлік лазерлік кешеннің авиациялық және теңіз тасымалдаушыларымен интеграциясы сәтті жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұшу аппараттарын тиімді жою үшін жауынгерлік лазердің күші шабуыл жасалатын нысанның қашықтығына, жылдамдығына және конструкциялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
"Ресейлік лазерлік қарулардың мүмкіндіктері үлкен және көлемін шағын, мобильді және қуатты ету үшін тұрақты жетілдіріп жатыр. Бұл үшін айтарлықтай ғылыми-техникалық база бар. Жаңа кешендерді жобалау кезінде өткен онжылдықтардың эксперименттік тәжірибесі ескеріледі", - деп жазды сарапшы.
Ресейлік ғалымдар мен жобалық ұйымдар жауынгерлік лазерлермен жарты ғасырдан астам уақыт бойы айналысады. Дәлірек айтсақ, 1964 жылдан бері "Терра" шифры бойынша зымыранға қарсы бағдарлама іске қосылған. 1970 жылдары жаудың ғарыш аппараттарын жою үшін "Скиф-Д" орбиталық станциясына орналастыруға арналған жауынгерлік лазер дайындалды.
1987 жылы жер орбитасына газ-динамикалық лазері бар 77 тонналық эксперименттік "Скиф-ДМ" платформасы шығарылғаны белгілі. Шамамен осы уақытта бортында А-60 "Сокол-Эшелон" жауынгерлік лазерлері бар Ил-76 әскери-көлік ұшағы құрастырылды. А-60 кешені 2009 жылы жерден 1 500 шақырым биіктіктегі шартты нысананы сәтті жойғаны белгілі.
Соңғы жылдары "Пересвет" пен "Задира" ғана жұртшылыққа мәлім болды. Сондықтан әртүрлі қашықтықта әрекет ететін және қуаты да алуан түрлі ресейлік лазерлік жүйелер әлдеқайда көп болуы мүмкін.
2018 жылдың көктемінде Ресей президенті Владимир Путин лазерлік қарудың ерекше маңыздылығын атап өтті: "Мұндай жауынгерлік жүйелердің болуы Ресейдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мүмкіндіктерін еселейді". 2018 жылдың күзінде АҚШ әкімшілігі Ресейдің орбитаға жауынгерлік лазерлерді орналастыру бойынша ғарыштағы белсенділігіне алаңдаушылық білдірді.
Ресейлік жауынгерлік орбиталық лазерлік кешендердің әзірленуіне қатысты Батыстың алаңдаушылығына қарамастан, Мәскеу мұны ресми түрде растамайды. Жалпы қуаты 100 кВт-қа дейінгі жауынгерлік лазерлік жүйелерді дайындаумен Ресей мен Беларусьтен басқа айналысатын мемлекеттер аз. Бұл бағытта Израиль, Жапония және Қытай мамандары ілгерілеп жатыр.
Әскери шолушының мәліметінше, АҚШ пен НАТО-да үлкен күшке ие лазерлік жүйелер жоқ. Stryker броньдалған машинасының базасындағы қуаты 50 кВт болатын америкалық қысқа қашықтықтағы лазерлік кешен эксперименттік прототип болып табылады. Ондаған жыл бойы америкалық мамандар теңіздегі және әуедегі жауынгерлік лазерлердің жобаларымен айналысқанымен, жаппай өндіріске қажетті қуат пен ауқымға жете алмады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0