Министрлікке қарасты мекеменің басшылары сотталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі шығарылды. деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс Абай облыстық сотында қаралды. Тергеу материалдарына сәйкес, мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысып, кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 млн теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Кәсіпкерлер заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін берді.
Резерваттың үш басшысы 10 жылға сотталды, ал пара берген бес адам бір жарым жылдан үш жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Барлық сотталған адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттiк секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Туфля на высоком каблуке и наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Көкшетауда екі бухгалтер 14 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0