Ажар Ғиният министрлік ВИЧ-пен қалай күресіп жатқанын айтты

© Sputnik / Владислав Воднев Ажар Ғиният
 Ажар Ғиният - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанда соңғы бір жылда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 3 800-ге жуық адам тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
"Қауіпті дерт әйелдерге қарағанда ерлерден 2 есе көп анықталып жатыр. Көбіне жыныстық жолмен беріледі – 75%, инъекция арқылы жұғады – 20%", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үкімет отырысында.
Ғинияттың айтуынша, елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында берілетін дәрі-дәрмек тізімі 12-ден 16 атауға дейін кеңейтілген.
Бүгінгі таңда адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы күрес бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
емдеу және оның тиімділігі 1,3 есеге артты;
СПИД-тен болатын өлім 1,7 есеге төмендеді;
ВИЧ-тің анадан балаға берілу қаупі екі есе азайды.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда ВИЧ инфекциясы барлық өңірде тіркелген. Соңғы 10 жылда адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру көрсеткіші екі есеге артқан.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Денсаулық
ВИЧ-пен ауыратын қазақстандықтарға бала асырап алуға рұқсат берілуі мүмкін
Жаңалықтар
0