Атырау облысында жоғалған малшыларды тікұшақпен іздеп жатыр

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуВертолет Robinson R44
Вертолет Robinson R44 - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 мамыр - Sputnik. Атырау облысында малшылар жоғалып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Облыста екі малшы жоғалып кеткен, екеуінің із-түссіз кету уақыты екі түрлі. Бірі – жеті күннен бері жоқ. Ол Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде шаруа қожалығында мал баққан.
"29 мамыр күні іздестіру-құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бортында 5 экипаж мүшесі, ТЖД 4 қызметкері және туысқаны бар", - дейді ведомство.
24 мамырда сағат 15:12 шамасында Жылыой ауданында малшы шаруа қожалықтарының бірінен шығып, қайтып оралмағаны туралы құтқарушыларға шақырту түскен. 1986 жылы туған малшы жігіт 23 мамырда сағат 17:00-де Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шығып кеткен.
Дәл осындай жайт Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ж.Нажимеденов ауылына қарасты Қошалақ елді мекенінде болған. "Теміржанов" шаруа қожалығынан 26 мамырда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып кеткен 1963 жылы туған азамат қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0