Air Astana президенті арзан билетті қалай алуға болатынын айтты

© Sputnik / Andranik GhazaryanFly Arystan ұшағы
Fly Arystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. "Air Astana" әуе компаниясының президенті Питер Фостер арзан билетті қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Авиация саласында билет бағасын белгілеудің өзіндік тәртібі бар. Оны барлық әуе компаниясы ұстанады.
"Оған сәйкес, жолаушы билетті неғұрлым ерте алса, бағасы соғұрлым төмен болады. Ал ұшу датасы жақындаған сайын билет бағасы өсе береді. Сосын бронь жасағанда бірнеше маңызды мәселені ескеру керек. Каникул немесе мейрам күндері сұраныс жоғарылап, баға көтеріледі. Ал сұраныс төмен күндері баға соған сәйкес қойылады. Тура сондай қағиданы қонақ үй бизнесі де ұстанады", - деді Фостер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Компания басшысы билет бағасына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Air Astana мен Fly Arystan компаниялар тобының билет бағасы көтерілмеген.
"Мәселен, 2022 жылы Fly Arystan билеттерінің 54 проценті 14 мың теңгеден және одан төмен бағаға сатылды. Осы тарифтер 2023 жылы да сақталып отыр, біз оны көтерген жоқпыз. Компаниялар тобының билет бағасы қолжетімді, біз бағаны барынша сол деңгейде ұстауға тырысамыз",- деп атап өтті компания басшысы.
Айта кетері, үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр әуе билеттерінің бағасын сынға алып, осы саладағы саясатты қайта қарауды тапсырды.
Паспорт - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
"Еуропаға қарағанда екі есе қымбат": Смайылов әуе билеттерінің бағасын сынады
Жаңалықтар
0