https://sputnik.kz/20230529/toqaev-qazaq-bolsyn-basqa-ult-bolsyn--barimiz-bir-khalyqpyz-35405576.html
Тоқаев: Қазақ болсын, басқа ұлт болсын – бәріміз бір халықпыз
Тоқаев: Қазақ болсын, басқа ұлт болсын – бәріміз бір халықпыз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Алға қадам басу үшін ауызбіршілікті, достық пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау керек. Бұл туралы мемлекет басшысы... 29.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-29T19:48+0500
2023-05-29T19:48+0500
2023-05-29T19:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35405671_0:70:3393:1979_1920x0_80_0_0_4cb271c391a54d9caa4b5102ea1e13a9.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Алға қадам басу үшін ауызбіршілікті, достық пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрында зиялы қауым өкілдерімен кездесуі кезінде айтты.Президент Солтүстік Қазақстан облысының орталығында жаңадан бой көтерген Қазақ сазды-драма театрының ғимаратын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.Осы шығармашылық ұжымда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан театр директоры Біржан Жалғасбаев өнер ордасының ұжымы бертінге дейін "Энергетиктер сарайын" паналағанын, осы жылдар ішінде түрлі жанрда қойылымдар сахналап, халықаралық, республикалық байқауларда жүлде алғанын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа ғимаратқа көшкен ұжым репертуарын жаңартуға, шетелдік және отандық өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік алды.Президент "Мағжан" пьесасынан үзінді тамашалап, театрды аралады. Содан кейін Қызылжар өлкесінің зиялы қауым өкілдерімен және қоғам белсенділерімен әңгімелесті."Бірлігіміз – әралуандықта. Бұл – біздің ең басты ұранымыз әрі ұстанымымыз. Қазақ болсын, басқа ұлт болсын – бәріміз бір халықпыз. Сондықтан бәріміз халқымыздың, еліміздің өркендеуіне қызмет етуіміз керек. Баршаңызға бақ-береке тілеймін. Біз әрдайым бірге боламыз. Алға қадам басу үшін ауызбіршілігімізді, достығымыз бен тұрақтылығымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Әрине, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық сипаттағы мәселелер бар. Проблемасыз ел болмайды. Тіпті, ең дамыған, бақуатты елдерде де проблема бар. Егер елде тәртіп болса, заң қатаң сақталса, көздеген нәтижеге қол жеткіземіз", – деді мемлекет басшысы.Президент қоғам белсенділерімен елдің дамуы және өскелең ұрпақ тәрбиесі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар мемлекет басшысы қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын жоғары деңгейде атап өту қажет екенін айтты.
https://sputnik.kz/20230529/prezident-soltustik-qazaqstandagy-egis-alqabyn-aralady-35384189.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35405671_332:0:3063:2048_1920x0_80_0_0_5cd9a6f0ff91cab1a95ebc48c0264e4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Алға қадам басу үшін ауызбіршілікті, достық пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрында зиялы қауым өкілдерімен кездесуі кезінде айтты.
Президент Солтүстік Қазақстан облысының орталығында жаңадан бой көтерген Қазақ сазды-драма театрының ғимаратын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Осы шығармашылық ұжымда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан театр директоры Біржан Жалғасбаев өнер ордасының ұжымы бертінге дейін "Энергетиктер сарайын" паналағанын, осы жылдар ішінде түрлі жанрда қойылымдар сахналап, халықаралық, республикалық байқауларда жүлде алғанын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа ғимаратқа көшкен ұжым репертуарын жаңартуға, шетелдік және отандық өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
Президент "Мағжан" пьесасынан үзінді тамашалап, театрды аралады. Содан кейін Қызылжар өлкесінің зиялы қауым өкілдерімен және қоғам белсенділерімен әңгімелесті.
"Бірлігіміз – әралуандықта. Бұл – біздің ең басты ұранымыз әрі ұстанымымыз. Қазақ болсын, басқа ұлт болсын – бәріміз бір халықпыз. Сондықтан бәріміз халқымыздың, еліміздің өркендеуіне қызмет етуіміз керек. Баршаңызға бақ-береке тілеймін. Біз әрдайым бірге боламыз. Алға қадам басу үшін ауызбіршілігімізді, достығымыз бен тұрақтылығымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Әрине, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық сипаттағы мәселелер бар. Проблемасыз ел болмайды. Тіпті, ең дамыған, бақуатты елдерде де проблема бар. Егер елде тәртіп болса, заң қатаң сақталса, көздеген нәтижеге қол жеткіземіз", – деді мемлекет басшысы.
Президент қоғам белсенділерімен елдің дамуы және өскелең ұрпақ тәрбиесі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар мемлекет басшысы қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын жоғары деңгейде атап өту қажет екенін айтты.