https://sputnik.kz/20230529/sammit-kezinde-putinnin-toqaevqa-tapsyrgan-khatynda-ne-zhazylgany-belgili-boldy-35404870.html
Саммит кезінде Путиннің Тоқаевқа тапсырған хатында не жазылғаны белгілі болды
Саммит кезінде Путиннің Тоқаевқа тапсырған хатында не жазылғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Sputnik Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт... 29.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-29T18:37+0500
2023-05-29T18:37+0500
2023-05-29T18:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19008668_0:0:1829:1029_1920x0_80_0_0_7198e7650627eb20f6ca6a6f4c063f9d.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Sputnik Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатының мазмұны туралы айтып берді.Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путиннің Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат бергені туралы бейнематериал әлеуметтік желіде тарады.Кадрда Тоқаев жазбаны оқығаннан кейін ресейлік әріптесіне басын изеп, хатты қалтасына салғаны көрініп тұр.Желдібайдың айтуынша, бұл хатта ЕАЭО елдері басшыларының шағын құрамдағы кездесуі барысында қойылған сауалға ресейлік тараптың жауабы жазылған."Әңгіме қазақстандық компанияларға Ресей темір жолымен ішкі тарифтер бойынша жүк тасымалдауға мүмкіндік беру жайында болды. Ресей үкіметі Қазақстан аумағына баратын тауарларға жеңілдікті тариф қолданылады, ал Ресей арқылы транзитпен өтетін тауарларға экспорттық тарифтер қолданылуы керек деп санайды", - деді баспасөз хатшысы.Оның айтуынша, президент сол мезетте Қазақстан үкіметіне ЕАЭО құру туралы 2015 жылғы келісімнің қағидаттары негізінде осы мәселе бойынша Ресей тарапымен келіссөзді жалғастыруды тапсырған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19008668_49:0:1638:1192_1920x0_80_0_0_e30fdaa74276a459891f4a43357038af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
Саммит кезінде Путиннің Тоқаевқа тапсырған хатында не жазылғаны белгілі болды
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай
Sputnik Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатының мазмұны туралы айтып берді.
Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путиннің Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат бергені туралы бейнематериал әлеуметтік желіде тарады.
Кадрда Тоқаев жазбаны оқығаннан кейін ресейлік әріптесіне басын изеп, хатты қалтасына салғаны көрініп тұр.
Желдібайдың айтуынша, бұл хатта ЕАЭО елдері басшыларының шағын құрамдағы кездесуі барысында қойылған сауалға ресейлік тараптың жауабы жазылған.
"Әңгіме қазақстандық компанияларға Ресей темір жолымен ішкі тарифтер бойынша жүк тасымалдауға мүмкіндік беру жайында болды. Ресей үкіметі Қазақстан аумағына баратын тауарларға жеңілдікті тариф қолданылады, ал Ресей арқылы транзитпен өтетін тауарларға экспорттық тарифтер қолданылуы керек деп санайды", - деді баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, президент сол мезетте Қазақстан үкіметіне ЕАЭО құру туралы 2015 жылғы келісімнің қағидаттары негізінде осы мәселе бойынша Ресей тарапымен келіссөзді жалғастыруды тапсырған.