Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей әскеріне Артемовсктен батысқа қарай жол ашылды

© Sputnik / Иван Родионов / Медиабанкке өтуРоссийские силы освободили Артемовск
Российские силы освободили Артемовск - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
"Бахмут бекінісі" құлағаннан кейін ресейлік әскер батыс бағытта шабуыл жасап, Донбасс, Запорожье және Херсон облыстарын толық азат ету үшін тиімді мүмкіндіктерге ие болды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей Қарулы күштері украин әскерінің тылындағы бүкіл тереңдікке қарқынды соққы беруді жалғастырып жатыр. Жаз шығуына санаулы күн қалғанына қарамастан, Украина Қарулы күштерінің бұған дейін уәде етілген көктемгі "қарсы шабуылы" әлі де жүзеге асырылмады.
29 мамырдың таңы Украина астанасында, сондай-ақ Киев (Жулян әуежайы), Днепропетровск, Сумы және Чернигов облыстарында әуе дабылынан, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің ретсіз әрекеттері және Украина Қарулы күштер нысандарындағы күшті жарылыстар басталды.
"Өткен түнде Ресей Қарулы күштері Одесса, Киев, Кременчуг, Винница, Харьков және Хмельницкий облыстарындағы әскери нысандарға құрама соққылар арқылы қиратты. Одесса порты өртенді. Ресейдің қанатты зымырандары Украинаның батыс аймақтарына жетті – Львов облысындағылар "зымыран шабуылдары бірнеше айда қатты қарқынды болғанын" хабарлады. Львовтағы Украина Қарулы күштерінің маңызды нысандары және Киев режиміне Батыс қару-жарағын жеткізетін аймақтық көлік-логистикалық тораптар жарылды", - деп жазды Хроленко.
Әскери сарапшының мәліметінше, 28 мамырдағы жексенбі таңы арсеналдардың қуатты жарылыстарымен, Украина Қарулы күштерінің ондаған нысанындағы өрттермен Киев пен Житомир тұрғындарының есінде қалды. Киев әскери әкімшілігі бұл соққыларды арнайы операция кезіндегі "ең жаппай" сипаттағы шабуыл деп атады. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Украина Қарулы күштерінің командалық пункттеріне, радиолокациялық станцияларына, авиациялық және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау орындарына соққы жасалғанын растады.
"Кинжал", "Искандер", қанатты зымырандар мен пилотсыз ұшатын "Гераньдардың" әртүрлі ауқымдағы соққылары Украинада он шақты күн бойы байқалды және Ресейдің шабуыл алдындағы "артиллериялық дайындығына" ұқсайды.
Осыған Константиновка мен Краматорсктегі Украина Қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасын орналастыру пункттеріне жасалған жекелеген әуе соққылары туралы ақпарат біршама бәсеңдеді. Дегенмен "Бахмут бекінісі" құлағаннан кейін дәл осы жерде, Донбаста ресейлік армия Часов Яр, Краматорск, Славянск, Дружковка және Константиновканы азат ету және шабуылдау үшін жақсы мүмкіндіктерге және іс-қимыл үшін қажетті кеңістікке ие болды.
Хроленконың пікірінше, осы елді мекендерде Украина Қарулы күштерінің қорғаныс шебін қиратқаннан кейін ресейлік әскер Днепрге жылдам орын ауыстыра алады. Бұл одан әрі қарай бүкіл сол жағалауды игеруге мүмкіндік береді.
Батыс сарапшылары Артемовсктен бес шақырым жерде орналасқан Часов Яр қаласы Донбастағы ресейлік қолбасшылық үшін басым нысанаға айналады деп есептейді. Олар алдағы уақытта соғысу қабілетін бұрынғы деңгейде сақтай алмайтын Украина үшін ұрыс алаңындағы жағдайдың нашарлағанын да ескертті.
Америкалық әскери-сараптамалық басылым Military Watch "Вагнер" жеке меншік әскери комманиясының 60 мың келісімшарт негізінде қабылданған жауынгері 224 күн ішінде Артемивскте украин армиясының ең қуатты күштерін сенімді түрде жойғанын жазды.
Бұл факт Украинаның Ресей армиясының негізгі күштеріне қарсы күресу қабілетіне қатысты күмән тудырады. Себебі ресейлік әскер серпінді түрде жаңарып, қайта жарақтандырылып жатыр. Мысалы, ай сайын 100-ден астам жаңа Т-90М танктерін қабылдап алуда.
Неміс барлау қызметі Батыстың жан-жақты қолдауына қарамастан, Украина Қарулы күштерінің жеңіске жету мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келді. Неміс барлау қызметінің басшысы Бруно Каль былай деді: "Ресей әлі де алыс қашықтықтан соғыс жүргізуге қабілетті. Бұл елдің жаңа сарбаздарды тарту қабілетіне де, оқ-дәрі мен қару-жарақ шығару қабілетіне де қатысты".
Британиялық Sky News телеарнасы Ресеймен қақтығыс кезінде НАТО қаруы Украина армиясының сенімін ақтамайтынын және тіпті F-16 жойғыш ұшақтары да осал екені анықталады деп хабарлады.
Америкалық Newsweek басылымы әскери сарапшыларға сілтеме жасай отырып, Батыс уәде еткен барлық танкті алса да, бұл Украина Қарулы күштерінің проблемасын шешпейді, яғни мамандардың біліктілігін арттырмайды, майдан шебіндегі оқ-дәріні арттырмайды және тылдағы жөндеу қуатын еселемейді деп санайды. 19fortyfive басылымы Украина Қарулы Күштері Бас штабында арнайы әскери операция аймағындағы ахуалға шынайы баға беріп, қажетті шешім қабылдайтын адамдар қажет екенін еске салды.
"Украина ауқымды шабуыл операцияларын жүргізе алмайды. Себебі Ресей географиялық жағынан тым үлкен және әскери қуаты да жоғары. 2022 жылғы көрсеткіш боынша 260 мың әкериден тұратын Украина армиясы іс жүзінде жойылды. Жалдамалы жауынгерлер мен запастағы әскерилер Украина Қарулы күштерінің қажетті жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етпейді. Дегенмен АҚШ-тың Ресеймен тікелей қақтығысқа түсу ықтималдылығы артып жатыр", - деп жазды сарапшы.
Жаңалықтар
0