https://sputnik.kz/20230529/qytaymen-aradagy-zhenildetilgen-vizasyz-rezhim-qashan-bastalady--sim-zhauap-berdi-35394532.html
Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режим қашан басталады – СІМ жауап берді
Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режим қашан басталады – СІМ жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режимді енгізу тәртібін түсіндірді... 29.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-29T15:51+0500
2023-05-29T15:51+0500
2023-05-29T16:20+0500
визасыз режим
қытай
https://sputnik.kz/img/21/06/210630_0:407:2917:2048_1920x0_80_0_0_6110441276d55d2b99a81dc72e972f32.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режимді енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары кезінде тиісті келісімге қол қойылды. Осыдан кейін екі мемлекет өз ішінде қажетті заңнамалық рәсімдерді жасайды."Оған біраз уақыт керек, жарты жыл бола ма, екі-үш ай бола ма, соңында екі мемлекет ішкі рәсімдердің аяқталғанын бір-біріне хабарлайды. Содан бастап келісім заңды күшіне енеді. Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты. Біз өз тарапымыздан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.Оның айтуынша, Қазақстанда осы келісімді бекіту туралы үкімет қаулысы қабылдануы керек.Айта кетері, екіжақты келісім бойынша қазақстандықтар Қытайға, ал ҚХР азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады. Шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүруге болады. Ал одан ұзағырақ қалу үшін визаны рәсімдеу керек. Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді.
https://sputnik.kz/20230502/vizasyz-rezhim-qytay-azamattaryna-qazaqstanda-zhumys-isteuge-quqyq-bermeydi--sim-34486566.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/21/06/210630_83:0:2814:2048_1920x0_80_0_0_3b324b61d2605c2cc01e0bfb627af363.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
визасыз режим қытай
Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режим қашан басталады – СІМ жауап берді
15:51 29.05.2023 (жаңартылды: 16:20 29.05.2023) АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режимді енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары кезінде тиісті келісімге қол қойылды. Осыдан кейін екі мемлекет өз ішінде қажетті заңнамалық рәсімдерді жасайды.
"Оған біраз уақыт керек, жарты жыл бола ма, екі-үш ай бола ма, соңында екі мемлекет ішкі рәсімдердің аяқталғанын бір-біріне хабарлайды. Содан бастап келісім заңды күшіне енеді. Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты. Біз өз тарапымыздан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстанда осы келісімді бекіту туралы үкімет қаулысы қабылдануы керек.
Айта кетері, екіжақты келісім бойынша қазақстандықтар Қытайға, ал ҚХР азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады. Шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүруге болады. Ал одан ұзағырақ қалу үшін визаны рәсімдеу керек. Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге
құқық бермейді.