Қазақстанда түрмеде отырған мыңдаған адамның жазасы қайта қаралады - ІІМ

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жазаны өтеу тәртібіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Қайрат Асылдың айтуынша, 20 мамырда күшіне енген өзгерістердің ішінде сотталған адамдарды жазаны өтеу орындарына таратудың жаңа талаптары да бар.
"Бұдан былай сотталған адамдар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Қауіпсіздігі жоғары мекемелерде бұрын сотталғандар қала береді. Ал қауіпсіздігі орташа мекемеде отырғандар қауіпсіздігі жоғары мекемелерге ауыстырылмайды. Себебі қылмыстық заңнама бойынша сотталған адамдардың құқықтық жағдайының нашарлауына жол берілмейді", - деді Асыл бүгінгі онлайн брифингте.
Бұдан бөлек, қауіпсіздік деңгейі төтенше мекемелер қауіпсіздігі жоғары мекемелерге қайта бейімделетін болады. Сотталғандардың жаза мерзімі де сотта қайта қаралады.
"Жітіқарадағы мекеме ғана қалады. Ол жерде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отырады. Ал сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру туралы мәселе қаралғанда туыстары тұратын жерге барынша жақын мекемеге ауыстыруға тырысады. Бұған дейін туыстарына жақын жерде жазасын өтеп жүргендердің саны 60 процентті құраған. Заңға енгізілген өзгерістер іске асырылғаннан кейін олардың саны айтарлықтай өседі", - деп атап көрсетті бөлім бастығы.
Оның сөзіне қарағанда, осы саладағы шаралары жылдың соңына дейін аяқталады.
Түрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Қоғам
Алматы облысында түрме қызметкері сотталған әйелді зорлады – сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0