Қазақстанда маусымға дейін күн жаңбырлы болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столица Казахстана - города Нур-Султан осенью
Виды столица Казахстана - города Нур-Султан осенью - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы ықтимал, 30 мамырда Шығыс Қазақстан, 1 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында қатты жаңбыр жауады.

"Тек Қызылорда және Ұлытау облыстарында ғана күн райы жауын-шашынсыз болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ республика бойынша қатты жел болады, оңтүстік-батыс және оңтүстікте шаңды боран болады. Қазақстан бойынша күндіз ауа райы батыста және солтүстік-батыста 28-36, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35, оңтүстікте 32-37, шығыста біртіндеп нөлден 20-28 градусқа дейін көтеріледі.
Жаңалықтар
0