Білім

Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Шигео Катсу - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Назарбаев университеті 2023 жылғы 15 маусымнан бастап президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін хабарлады.

"13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы Назарбаев университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді", - делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Отставкаға кеткеннен кейін Шигео Катсу Назарбаев университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде университеттің дамуына өз үлесін қосады.
Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады.
Бұдан бөлек Шигео Катсу университет президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі болады.
Ал Назарбаев университеті президентінің міндетін провост Илесанми Адесида атқарады.
Жаңалықтар
0