https://sputnik.kz/20230529/kuagerlerdin-zhauabyn-dalel-retinde-paydalanuga-tyyym-salynbaq-35392958.html
Куәгерлердің жауабын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салынбақ
Куәгерлердің жауабын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салынбақ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда қорғалуға құқығы бар куәгердің жауабын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Тиісті өзгеріс кейбір заңнамалық... 29.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-29T15:36+0500
2023-05-29T15:36+0500
2023-05-29T15:37+0500
куәгерлер
сот
https://sputnik.kz/img/09/49/094910_0:188:2000:1313_1920x0_80_0_0_47a01ade2ff530a5e4f1a4a176c25a5e.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда қорғалуға құқығы бар куәгердің жауабын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Тиісті өзгеріс кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, қазір көбінесе қорғалуға құқығы бар куәгерлер кейіннен іс бойынша күдікті деп танылып жатады.Сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәгерге сараптама тағайындалған және жүргізілген жағдайда сарапшыға қосымша сұрақтар қою құқығын беру көзделуде."Қорғалуға құқығы бар куәгердің іс жүзінде кейіннен күдікті деп танылатынын ескере отырып, оған сот сараптамасын жүргізу бөлігінде де осындай құқықтар беру қажет", - деп санайды вице-министр.Бұдан бөлек адамды жеткізу уақыты мен негіздерін міндетті түрде көрсетуді белгілеу ұсынылды.Мұқанованың айтуынша, жеткізу – адамның қылмыстық құқықбұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында 3 сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы."Жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін адамға, оны кейіннен процестік ұстау жағдайларын қоспағанда, жеткізу туралы анықтама дереу беріледі. Алайда мұндай анықтама іс жүзінде азаматтарды негізсіз мәжбүрлеу шараларынан қорғамайды. Осыған байланысты анықтамада жеткізудің негізі мен уақытын міндетті түрде көрсету ұсынылады. Бұл адамның бостандығын заңсыз шектеу фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді және оның құқықтарын іс жүргізу арқылы қорғауға кепілдік береді", - деп түйіндеді сөзін Мұқанова.
https://sputnik.kz/20230518/prokurordyn-kelisimin-aluy-kerek-advokatqa-qanday-quqyq-berilui-mumkin-35035293.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/49/094910_0:1:2000:1501_1920x0_80_0_0_2fa882f52fd05edfb14369e84444a5b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
куәгерлер, сот
Куәгерлердің жауабын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салынбақ
15:36 29.05.2023 (жаңартылды: 15:37 29.05.2023) АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда қорғалуға құқығы бар куәгердің жауабын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Тиісті өзгеріс кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, қазір көбінесе қорғалуға құқығы бар куәгерлер кейіннен іс бойынша күдікті деп танылып жатады.
"Мұндай жағдайда бұрын "қорғалуға құқығы бар куәгер" мәртебесінде болған адамның құқықтары бұзылады. Өйткені күдіктіден айырмашылығы, оның жауаптары қылмыстық процесте дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі түсіндірілмейді. Осыған байланысты бұрын "қорғалуға құқығы бар куә" ретінде болған адамның айғақтарын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салуды енгізу ұсынылып отыр", - деді Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәгерге сараптама тағайындалған және жүргізілген жағдайда сарапшыға қосымша сұрақтар қою құқығын беру көзделуде.
"Қорғалуға құқығы бар куәгердің іс жүзінде кейіннен күдікті деп танылатынын ескере отырып, оған сот сараптамасын жүргізу бөлігінде де осындай құқықтар беру қажет", - деп санайды вице-министр.
Бұдан бөлек адамды жеткізу уақыты мен негіздерін міндетті түрде көрсетуді белгілеу ұсынылды.
Мұқанованың айтуынша, жеткізу – адамның қылмыстық құқықбұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында 3 сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
"Жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін адамға, оны кейіннен процестік ұстау жағдайларын қоспағанда, жеткізу туралы анықтама дереу беріледі. Алайда мұндай анықтама іс жүзінде азаматтарды негізсіз мәжбүрлеу шараларынан қорғамайды. Осыған байланысты анықтамада жеткізудің негізі мен уақытын міндетті түрде көрсету ұсынылады. Бұл адамның бостандығын заңсыз шектеу фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді және оның құқықтарын іс жүргізу арқылы қорғауға кепілдік береді", - деп түйіндеді сөзін Мұқанова.