Экстремистер мен террористер үшін бөлек колониялар салына ма

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуИллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда сотталған террористер мен экстремистер үшін бөлек колониялар салу мәселесі белсенді талқыланып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер құқық қорғау органдарының өкілдерінен сотталған террористер мен экстремистер үшін бөлек колониялар салу жоспарда бар ма деп сұрады.
"Мәселе нәзік әрі сезімтал. Бүгінде таңда ол мемлекеттік органдар, сарапшылар мен құқық қорғау ұйымдары деңгейінде талқыланып жатыр. Біз ТМД елдерінің тәжірибесін зерделедік, шетелдік өкілдермен ақылдастық, БҰҰ-мен қылмысқа және есірткіге қарсы күрес бойынша үлкен бағдарлама болды. Әлемдік тәжірибені, экстремизм мен терроризм үшін сотталғандарды қалай ұстайтынын зерттеп шықтық. Практика әр алуан. Мәселе өзекті, белсенді талқылау кезеңінде", - деп жауап берді Аюбаев.
Айтуынша, қазір ішкі істер министрлігі 2024-2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасымен жұмыс істеп жатыр. Алматы, Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында 4 заманауи тергеу изоляторын салу жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қауіпсіздігі аралас 16 мекеме бой көтереді.
Жаңалықтар
0