https://sputnik.kz/20230529/aqtobede-destruktivti-dini-agym-okilderi-sottaldy-35406995.html
Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілдері сотталды
Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілдері сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 жақтаушысы сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура. 29.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-29T20:47+0500
2023-05-29T20:47+0500
2023-05-29T20:47+0500
ақтөбе
деструктивті діни ағымдар
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_ff55edc851bbaa26b3cbaa80f6e4a13f.jpg
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 жақтаушысы сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура."Облыстық прокуратура жат ағым жетегінде жүрген 20 мен 36 жас аралығындағы 8 адамның ісін сотқа жолдады. Оларға ҚР ҚК-тің 194-бабы 2-бөлігінің 1,2,3-тармағы, 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (қарақшылық және қорқытып алу) бойынша айып тағылды", - деп жазылған хабарламада.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің бұрын сотты болғаны анықталды. Олар адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе қаласының тұрғындарынан мүліктер мен ақшалай қаражаттарды күш қолдану арқылы иемденгені анықталды.Сондай-ақ күдіктілер былтыр шілде айында Ақтөбе қаласында қылмыстық әрекеттерін жалғастырған. Олар тағы бір ер адамды үйінен алып кетіп, оны техникалық қызмет көрсету станциясына апарған. Одан ақша талап етіп, жәбірленушінің қаражаты жоқ екеніне көздері жеткен соң жәбірленушінің әкесіне тиесілі ВАЗ 21140 автокөлігін заңсыз иемденген.Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
https://sputnik.kz/20230318/atyrauda-destruktivti-dini-agym-okili-kolik-kontrabandasymen-aynalysqan-33047557.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_311:0:1751:1080_1920x0_80_0_0_5efefd209862035f60d9db5bd3c19f5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, деструктивті діни ағымдар
ақтөбе, деструктивті діни ағымдар
Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілдері сотталды
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 жақтаушысы сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Облыстық прокуратура жат ағым жетегінде жүрген 20 мен 36 жас аралығындағы 8 адамның ісін сотқа жолдады. Оларға ҚР ҚК-тің 194-бабы 2-бөлігінің 1,2,3-тармағы, 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (қарақшылық және қорқытып алу) бойынша айып тағылды", - деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің бұрын сотты болғаны анықталды. Олар адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе қаласының тұрғындарынан мүліктер мен ақшалай қаражаттарды күш қолдану арқылы иемденгені анықталды.
"Күдіктілер (сотталушылар) былтыр маусымда Ақтөбе тұрғынының үйіне келіп, пышақпен қорқытқан. Жәбірленушіні автокөлікке отырғызып алып, өздері жалға алған техникалық қызмет көрсету станциясына апарып, 2 млн теңге ақшасын тартып алған. Онымен қоймай жәбірленушінің атына тауарлық кредиттер рәсімдеген", - дейді облыс прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.
Сондай-ақ күдіктілер былтыр шілде айында Ақтөбе қаласында қылмыстық әрекеттерін жалғастырған. Олар тағы бір ер адамды үйінен алып кетіп, оны техникалық қызмет көрсету станциясына апарған. Одан ақша талап етіп, жәбірленушінің қаражаты жоқ екеніне көздері жеткен соң жәбірленушінің әкесіне тиесілі ВАЗ 21140 автокөлігін заңсыз иемденген.
Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.