Қоғам

Антикор полиция генерал-майорына қатысты тергеуді аяқтады

© PhotoБерик Біләлов
Берик Біләлов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
Тергеу нұсқасына сүйенсек, Біләлов қылмыстық істі жабуға уәде беріп, 40 млн теңгені заңсыз иемденген
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Антикор полиция генерал-майоры Берік Біләловқа қатысты тергеуді аяқтады. Іс прокуратураға жолданды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңге иемденген полиция генерал-майоры Б.С. Біләловқа қатысты тергеуді аяқтады", - делінген Антикор хабарламасында.
Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.
ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Сондай-ақ Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Бұған дейін ІІМ баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын.
Бас прокуратура қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құзыретіне берген.
Берік Біләлов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Солтүстік Қазақстанда генерал-майорға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0