Ырғыз өзеніне екі бала батып кетті

© Photo : СС0 / PexelsРебенок купается в море
Ребенок купается в море - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысындағы Құрылыс ауылында екі бала Ырғыз өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Екі бала да суға түскенде батып кетті. Ресми мәліметке сәйкес, құтқарушыларға 27 мамырда сағат 16:45-те хабар түскен. Балалар бұзау іздеп шыққан. Бірақ үйге қайтып келмеді.
Сол күні кешкі сағат 18:30-да бір баланың денесі табылды. Іздестіру шараларына сүңгуірлер де тартылды.
"Бүгін түнгі сағат 1:25-те екінші баланың денесі бес метр тереңдіктен шығарылды", - дейді құтқарушылар.
Екі бала да 12 жаста еді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
"Таза ауа жұттым": Оралда полицейлер суға секірмек болған қызды құтқарып қалды
Жаңалықтар
0