Қостанайда жасөспірім абайсызда терезеден құлап кетті

© PhotoАкцию по изготовлению и установке защитных решеток на окна от падения детей проводят павлодарские осужденные
Акцию по изготовлению и установке защитных решеток на окна от падения детей проводят павлодарские осужденные - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қостанайда мектеп оқушысы үйінде ата-анасы жоқ кезде төртінші қабаттан құлаған, деп хабарлайды "Алау" арнасы.
Полицияның хабарлауынша, 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 13 жастағы қыз құлап кеткен.
Бұл жайында полицияға жағдайға куә болған көршілер хабарлаған. Олар сондай-ақ жедел жәрдем шақырып, қыздың ата-анасына қоңырау шалады. Қыздың әкесі мен шешесі бұл кезде жұмыста болатын.
Мектеп оқушысы полицияның сұрағына әдейі емес, абайсызда құлап кеткенін айтып түсіндірді.
Пәтерде сондай-ақ қыздың 9 жасар сіңлісі мен 2 жасар інісі болған.
Құлаған қыз түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді.
Ведомство жыл басынан бері облыс бойынша осымен сегізінші бала терезеден құлап кеткенін мәлімдеді.
Полиция ата-аналардан баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Жаңалықтар
0