Қазақстанда Пржевальский жылқысы жойылып кетуі мүмкін

© Sputnik / А. Корнющенко / Медиабанкке өтуПржевальский жылқысы
Пржевальский жылқысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр - Sputnik. Қазақстанда Пржевальский жылқылары жойылып кетуі мүмкін.
Қазіргі кезде “Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2003 жылы Германиядан әкелінген 10 бас жылқының бесеуі ғана қалды. Оның екеуі қартайған. Ал байталдарға қосар таза қанды айғыр жоқ. Соның салдарынан өсім болмай тұр, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Қызыл кітапқа енген жылқыларды сақтау үшін парк қызметкерлері биелерді қорада ұстап отыр. Оларға бір адам ғана қарайды.
“Көкшөбін, орамжапырағын, алмасын, жем шөбін беріп, амәпелеп ұстап отырмыз. Осында алып келіп бағуға тура келеді. Қызыл кітапқа енгеннен кейін, жоғалып бара жатқан жануар болғаннан кейін сөйту керек болып тұр”, - дейді инспектор Бақтыгерей Әлсейітов.
Пржевальский жылқысын жерсіндіру үшін Бүгінде жабайы жылқылардың аналық басын қорада бағу туралы шешім қабылданған. Енді көбейту жолдары қарастырылып жатыр.
“Алтынемел” ұлттық табиғи паркінің бас директоры Қуат Байтұрбаевтың айтуынша, сәуір айында Чехияның хайуандар бағының мамандары кеген.
“Олар министрлікпен меморандум жасайды. Келесі жылдан бастап алдымен 10 бас Пржевальский жылқысын әкелуі керек. 60 бас әкелінеді”, - деп атап көрсетті парк директоры.
Лошади на горном пастбище - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Қоғам
Бекболат Тілеухан қорасындағы ең қымбат жылқының құны белгілі болды
Жаңалықтар
0