https://sputnik.kz/20230528/aulieata-onirinde-kone-shaardyn-orny-tabyldy-35360284.html
Әулиеата өңірінде көне шаһардың орны табылды
Әулиеата өңірінде көне шаһардың орны табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Тарихы терең Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды, деп хабарлайды "Хабар 24". 28.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-28T10:22+0500
2023-05-28T10:22+0500
2023-05-28T10:22+0500
жамбыл облысы
археология
https://sputnik.kz/img/07e5/08/12/17888779_0:68:1296:797_1920x0_80_0_0_43cbd94a78167c4def5c50bdb4c59b78.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Тарихы терең Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды, деп хабарлайды "Хабар 24". Археологтар 600 гектар аумақты алып жатқан шаһар Түркі қағанатына тиесілі болған деп отыр. Қазба жұмыстары 20 күн бұрын Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының маңында басталған. Мамандар мұнда 6-12 ғасыр аралығына тән, биіктігі 12 метрге дейін жететін Қаракемер қаласы болғанын анықтады. Әзірге көне шаһар аумағынан бірнеше бөлмелік үйлер мен қыш құмыралар, жан-жануарлардың сүйегі және ошақ орны табылды. Тарихи жәдігерлерге қарап, қалашықта егін мен мал шаруашылығының жақсы дамығанын аңғаруға болады. Археологтарды 1200 градус температурада балқыған шынылардың шыққаны таңғалдырды. Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек. "Төрткүлтөбе 1-де көлемі 11/12 метрлік қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтежесінде бірнеше бөлме орындары анықталды. Бұл жерде ұзындығы 15 метрден асатын, қабырғасы, былайша айтқанда, құрылыстың кесік дейді ғой, қимасын анықтау мақсатында қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп зерттерліп жатыр", - дейді археолог Ералы Ақынбек.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/12/17888779_72:0:1224:864_1920x0_80_0_0_8de6944a60c2dcc0d9887d3c9324becf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, археология
жамбыл облысы, археология
Әулиеата өңірінде көне шаһардың орны табылды
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Тарихы терең Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Археологтар 600 гектар аумақты алып жатқан шаһар Түркі қағанатына тиесілі болған деп отыр. Қазба жұмыстары 20 күн бұрын Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының маңында басталған. Мамандар мұнда 6-12 ғасыр аралығына тән, биіктігі 12 метрге дейін жететін Қаракемер қаласы болғанын анықтады.
Әзірге көне шаһар аумағынан бірнеше бөлмелік үйлер мен қыш құмыралар, жан-жануарлардың сүйегі және ошақ орны табылды. Тарихи жәдігерлерге қарап, қалашықта егін мен мал шаруашылығының жақсы дамығанын аңғаруға болады. Археологтарды 1200 градус температурада балқыған шынылардың шыққаны таңғалдырды.
Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек.
"Төрткүлтөбе 1-де көлемі 11/12 метрлік қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтежесінде бірнеше бөлме орындары анықталды. Бұл жерде ұзындығы 15 метрден асатын, қабырғасы, былайша айтқанда, құрылыстың кесік дейді ғой, қимасын анықтау мақсатында қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп зерттерліп жатыр", - дейді археолог Ералы Ақынбек.