https://sputnik.kz/20230527/zhetisu-oblysynda-malshylar-kooperatsiya-qurudy-zhosparlap-otyr-35339033.html
Жетісу облысында малшылар кооперация құруды жоспарлап отыр
Жетісу облысында малшылар кооперация құруды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл... 27.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-27T10:03+0500
2023-05-27T10:03+0500
2023-05-27T10:03+0500
мал шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35338853_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f5ac0a47a9fa750d00af45afefd132b4.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.Бағдарламаға қатысуға Жетісу тұрғындарынан 550-ге жуық өтініш түскен, олардың 90%-ға жуығы мал өсірумен және сүт өндірісімен айналыспақ. Мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынған тұрғындар кооперация құруды жоспарлап отыр.Кербұлақ ауданы туристерге, әсіресе шетелдік туристер үшін тартымды өңір. Сол себепті белсенді ауыл тұрғындары туристік жобаларды да ұсынып отыр.Өңірдің қант қызылшасын өсіруге әлеуеті жетерлік. Еліміздің бірнеше аймағында қант қызылшасы өсірілгенімен, әр маусым сайын қант тапшылығы сезіледі. Мұның алдын алу үшін, жеке меншіктегі ірі шаруа қожалықтарымен бірлесіп, осы бағытты дамытуға зор мүмкіндік бар."Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында сүт тауарлы фермалар сынды негізгі жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл тұтынушыларды елімізде өндірілген сүтпен қамтамасыз етеді."Ауыл аманаты" бағдарламасының мақсаты – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту. Бүгінде республика бойынша ауыл-аймақта 18 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық құру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл бірегей бағдарлама арқылы ауыл тұрғындарына 2,5%-бен 8 млн теңгеден астам несие беріледі. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласы бойынша зор әлеуетін ескере, оны әрі қарай дамыту өте маңызды", — деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35338853_426:0:1866:1080_1920x0_80_0_0_396706ab2fec6ef14d603c9ee09d47f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал шаруашылығы
Жетісу облысында малшылар кооперация құруды жоспарлап отыр
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп
хабарлады үкіметтің ресми сайты.
Бағдарламаға қатысуға Жетісу тұрғындарынан 550-ге жуық өтініш түскен, олардың 90%-ға жуығы мал өсірумен және сүт өндірісімен айналыспақ. Мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынған тұрғындар кооперация құруды жоспарлап отыр.
"Қауымдастық 27 млн теңге көлемінде несие алуға көмектеседі, ал ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған жағдайда, оның 50%-ын мемлекет субсидиялайды. Кооперация арқылы жем-шөпті бірлесе сатып алуға, дайын өнімді сатуға, есеп шот жүргізуге болады", — деді Алтай Көлгінов.
Кербұлақ ауданы туристерге, әсіресе шетелдік туристер үшін тартымды өңір. Сол себепті белсенді ауыл тұрғындары туристік жобаларды да ұсынып отыр.
Өңірдің қант қызылшасын өсіруге әлеуеті жетерлік. Еліміздің бірнеше аймағында қант қызылшасы өсірілгенімен, әр маусым сайын қант тапшылығы сезіледі. Мұның алдын алу үшін, жеке меншіктегі ірі шаруа қожалықтарымен бірлесіп, осы бағытты дамытуға зор мүмкіндік бар.
"Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында сүт тауарлы фермалар сынды негізгі жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл тұтынушыларды елімізде өндірілген сүтпен қамтамасыз етеді.
"Ауыл аманаты" бағдарламасының мақсаты – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту. Бүгінде республика бойынша ауыл-аймақта 18 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық құру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл бірегей бағдарлама арқылы ауыл тұрғындарына 2,5%-бен 8 млн теңгеден астам несие беріледі. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласы бойынша зор әлеуетін ескере, оны әрі қарай дамыту өте маңызды", — деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.