https://sputnik.kz/20230526/ubt-smartfon-shpargalkamen-kirgen-50-talapker-testileuden-shygyp-qaldy-35330270.html
ҰБТ-2023: смартфонмен кірген елу талапкер тестілеуден шеттетілді
ҰБТ-2023: смартфонмен кірген елу талапкер тестілеуден шеттетілді
Sputnik Қазақстан
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%-і қазақ тілінде, 30%-і орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті
2023-05-26T18:40+0500
2023-05-26T18:40+0500
2023-05-26T18:40+0500
ұбт
талапкерлер
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958205_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_00de3d1473c8c314c23e4d2b2bfa0e9b.jpg
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%-і қазақ тілінде, 30%-і орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім мнистрлігі. ҰБТ басталғалы 76%-ке жуық талапкер шекті балды жинады. 68% талапкер орташа бал жинаған. Ең жоғары балл – 137. ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 108 талапкер қатысқан. Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде сертификат қолжетімді болады. "Бүгінгі таңда 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өткендіктен тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында. Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.
https://sputnik.kz/20230522/ubt--2023-grantqa-quzhat-qabyldau-qashan-bastalatyny-belgili-boldy-35148990.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958205_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_47edccdb159f179b27702a86a571ba57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт ент шпаргалка проходной бал
ұбт ент шпаргалка проходной бал
ҰБТ-2023: смартфонмен кірген елу талапкер тестілеуден шеттетілді
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%-і қазақ тілінде, 30%-і орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім мнистрлігі.
ҰБТ басталғалы 76%-ке жуық талапкер шекті балды жинады. 68% талапкер орташа бал жинаған. Ең жоғары балл – 137.
"Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге сала кетсем, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-і "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-і "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика", оны 50 адам тапсырған", - дейді ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 108 талапкер қатысқан.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде сертификат қолжетімді болады.
"Бүгінгі таңда 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өткендіктен тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.