https://sputnik.kz/20230526/qyzylorda-oblysy-prokurory-undeu-35324223.html
Қарулы қақтығысқа шақырып жатыр: Қызылорда облысының прокуроры үндеу жасады
Қарулы қақтығысқа шақырып жатыр: Қызылорда облысының прокуроры үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов әлеуметтік желіде өзге елдердегі қарулы қақтығысқа шақыру туралы ақпараттардың таралуына байланысты өңір тұрғындарына үндеу жасады.
2023-05-26T15:50+0500
2023-05-26T15:50+0500
2023-05-26T15:50+0500
өңірлер
қақтығыс
прокурор
үндеу
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17515352_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f23a168213b9535f5b4c064621763eb0.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов әлеуметтік желіде өзге елдердегі қарулы қақтығысқа шақыру туралы ақпараттардың таралуына байланысты өңір тұрғындарына үндеу жасады.Прокурордың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда шетел және Қазақстан азаматтарын өзге елдердегі қарулы қақтығысқа шақыру туралы үгіт-насихат материалдары тарай бастады. Соның ішінде жалдамалы әскери топтар белсенді түрде адам жинап, оларға қомақты жалақы, сыйақы төлейтінін айтып қызықтыруда.Бижанов қарулы қақтығысқа қатысқан азаматтар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті."Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 170-бабына сәйкес жалдамалы адамды азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе материалдық жағынан қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, әскери іс-қимылдарда немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейiн бас бостандығынан айыру, сондай-ақ адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан осындай іс-әрекет үшін 20 жылға дейiн немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - делінген үндеуде.Ал Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға жалдану белгілері болмаған кезде қасақана заңсыз қатысуы Қылмыстық кодекстің 172-бабымен сараланып, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.Ол құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқықбұзушылықтың жолын кесетінін, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қолданатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20230208/aqtobede-qaruly-zhiadga-shaqyrgan-er-adam-sottaldy-31875890.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17515352_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_98ab44b6ab2e0ec745c2913fc201c987.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарулы қақтығыс қызылорда прокуратура әлеуметтік желі митинг призыв
қарулы қақтығыс қызылорда прокуратура әлеуметтік желі митинг призыв
Қарулы қақтығысқа шақырып жатыр: Қызылорда облысының прокуроры үндеу жасады
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов әлеуметтік желіде өзге елдердегі қарулы қақтығысқа шақыру туралы ақпараттардың таралуына байланысты өңір тұрғындарына
үндеу жасады. Прокурордың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда шетел және Қазақстан азаматтарын өзге елдердегі қарулы қақтығысқа шақыру туралы үгіт-насихат материалдары тарай бастады. Соның ішінде жалдамалы әскери топтар белсенді түрде адам жинап, оларға қомақты жалақы, сыйақы төлейтінін айтып қызықтыруда.
Бижанов қарулы қақтығысқа қатысқан азаматтар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.
"Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 170-бабына сәйкес жалдамалы адамды азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе материалдық жағынан қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, әскери іс-қимылдарда немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейiн бас бостандығынан айыру, сондай-ақ адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан осындай іс-әрекет үшін 20 жылға дейiн немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - делінген үндеуде.
Ал Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға жалдану белгілері болмаған кезде қасақана заңсыз қатысуы Қылмыстық кодекстің 172-бабымен сараланып, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
"Заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның 40-бабын басшылыққа ала отырып, азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға және қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырамын", - деді Бижанов.
Ол құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқықбұзушылықтың жолын кесетінін, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қолданатынын атап өтті.