https://sputnik.kz/20230526/qazaqstanda-qansha-sheteldik-zhumys-isteydi-35269983.html
Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді
Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі.
2023-05-26T10:35+0500
2023-05-26T10:35+0500
2023-08-09T12:29+0500
қоғам
жұмыс
шетелдік
https://sputnik.kz/img/1192/43/11924327_130:0:1165:582_1920x0_80_0_0_12ce331e119cdaf3630e88e223dceed2.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 317 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам , тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам, өңдеу өнеркәсібі – 960 адам.Еңбек мигранттары негізінен Қытай – 3 652 адам (24%), Өзбекстан – 1 843 адам (12%), Үндістан – 1 741 адам (12%), Түркия – 1 534 адам (10%) елдерінен келеді.Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.
https://sputnik.kz/20230524/qazaqstanda-sheteldik-agentter-payda-bola-ma-35212911.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1192/43/11924327_259:0:1035:582_1920x0_80_0_0_a96cf868f6e6c4e4d4510c428fe32984.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік жұмыс күші шетелдіктер квота
шетелдік жұмыс күші шетелдіктер квота
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і", - делінген хабарламада.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 317 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам , тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам, өңдеу өнеркәсібі – 960 адам.
Еңбек мигранттары негізінен Қытай – 3 652 адам (24%), Өзбекстан – 1 843 адам (12%), Үндістан – 1 741 адам (12%), Түркия – 1 534 адам (10%) елдерінен келеді.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.