Қанды қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған ер адам Германиядан жеткізілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Германия Федеративтік Республикасының үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды", - деп жазылған Қазақстан Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.
Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында жасалған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын салдарынан, жәбірленуші соның салдарынан қаза болған.
Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.
Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0