https://sputnik.kz/20230526/maskeude-sputnikpro-zhobasy-ayasynda-sheteldik-zhurnalister-biliktiligin-arttyrdy-35398543.html
Мәскеуде SputnikPro жобасы аясында шетелдік журналистер біліктілігін арттырды
Мәскеуде SputnikPro жобасы аясында шетелдік журналистер біліктілігін арттырды
Sputnik Қазақстан
"Россия сегодня" медиа тобының халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында таяу шетелдегі журналистерге арналған SputnikPro шеберлік сабақтарының бірінші... 26.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-26T18:40+0500
2023-05-26T18:40+0500
2023-05-29T16:48+0500
журналист
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35399183_2:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_79817c321de31bd293c25b684818f3d8.jpg
"Россия сегодня" медиа тобының халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында таяу шетелдегі журналистерге арналған SputnikPro шеберлік сабақтарының бірінші кезеңі өтті.Бұған дейін SputnikPro бағдарламасы аясында шеберлік сабақтары Sputnik мультимедиялық орталықтарында өтті: ол жерге "Россия сегодня" медиа тобының жетекші сарапшылары дәрістер оқып, семинарлар өткізуге келетін. Бұл жолғы Зубовский бульварында өткен SputnikPro жобасының ерекшелігі – семинарға қатысушылар медиа топтың алаңына келіп, медиа саласындағы соңғы жетістіктермен танысты.Шеберлік сабақтарының бірінші кезеңіне Абхазия, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Оңтүстік Осетиядан 12 журналист пен қоғам белсендісі қатысты. Бес күн ішінде журналистер мультимедиялық контент құру, ресурстарға трафик тарту, сондай-ақ журналистикада нейрондық желілер мен дрондарды пайдалану туралы білімдерін кеңейтті."Сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеп, кәсіби тұрғыда баяндама жасайтын спикерлер бұл агенттікте белгілі бір бағытта жұмыс істейтін білікті мамандар екенін сеніммен деп айта аламын. Сондықтан, сіздер үшін мұның барлығы қызықты әрі пайдалы болады және осының барлығын өз қызметтеріңізде пайдалана аласыздар деп сенемін", - деді шеберлік сабағының бірінші күнінде "Россия сегодня" медиа тобының бас редакторының орынбасары Андрей Благодыренко.Іс-шараға қатысушыларға агенттіктің баспасөз орталығының залдары көрсетілді. Оның ішінде 1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет мүшелері журналистермен әңгімелескен зал да бар. Қазір бұл бөлме адам танымастай өзгерген – ескі қараңғы залдың орнында қазір соңғы техникамен жабдықталған бөлме тұр. Сондай-ақ шеберлік сыныбына қатысушылар экскурсиямен RT телеарнасының студиясында болды.Сабақтардың бірінде іс-шара қонақтары VR-дулығаларын киіп, алғаш рет агенттік қызметкерлері әзірлеген виртуалды шынайылықты тамашалады. "Россия сегодня" медиа тобының Инновациялық журналистика орталығындағы арнайы жобаның бас редакторы Артем Буфтяк әріптестеріне болашақта мұндай технология журналистикада қолданылуы мүмкін екенін және оны дайындауға арналған ағдарламалар күрделі әрі қымбат болмайтынын айтты."Кез келген технология сияқты ол да арзандайды, мамандар көбейеді. Сондықтан шамамен он жылдан кейін жергілікті IT факультетінің студенті ібір дана шоколад пен 5 долларға сізге дәл осындай деңгейдегі жоба әзірлеп бере алады", - деді ол.Шеберлік сабақтарының соңғы күні іс-шараға қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды қорғап, сертификат алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35399183_372:0:1811:1079_1920x0_80_0_0_7d8a2b866a10dabf3b365b3c16c98b0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист
"Россия сегодня" медиа тобының халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында таяу шетелдегі журналистерге арналған SputnikPro шеберлік сабақтарының бірінші кезеңі өтті.
Бұған дейін SputnikPro бағдарламасы аясында шеберлік сабақтары Sputnik мультимедиялық орталықтарында өтті: ол жерге "Россия сегодня" медиа тобының жетекші сарапшылары дәрістер оқып, семинарлар өткізуге келетін. Бұл жолғы Зубовский бульварында өткен SputnikPro жобасының ерекшелігі – семинарға қатысушылар медиа топтың алаңына келіп, медиа саласындағы соңғы жетістіктермен танысты.
Шеберлік сабақтарының бірінші кезеңіне Абхазия, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Оңтүстік Осетиядан 12 журналист пен қоғам белсендісі қатысты. Бес күн ішінде журналистер мультимедиялық контент құру, ресурстарға трафик тарту, сондай-ақ журналистикада нейрондық желілер мен дрондарды пайдалану туралы білімдерін кеңейтті.
"Сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеп, кәсіби тұрғыда баяндама жасайтын спикерлер бұл агенттікте белгілі бір бағытта жұмыс істейтін білікті мамандар екенін сеніммен деп айта аламын. Сондықтан, сіздер үшін мұның барлығы қызықты әрі пайдалы болады және осының барлығын өз қызметтеріңізде пайдалана аласыздар деп сенемін", - деді шеберлік сабағының бірінші күнінде "Россия сегодня" медиа тобының бас редакторының орынбасары Андрей Благодыренко.
Іс-шараға қатысушыларға агенттіктің баспасөз орталығының залдары көрсетілді. Оның ішінде 1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет мүшелері журналистермен әңгімелескен зал да бар. Қазір бұл бөлме адам танымастай өзгерген – ескі қараңғы залдың орнында қазір соңғы техникамен жабдықталған бөлме тұр. Сондай-ақ шеберлік сыныбына қатысушылар экскурсиямен RT телеарнасының студиясында болды.
Сабақтардың бірінде іс-шара қонақтары VR-дулығаларын киіп, алғаш рет агенттік қызметкерлері әзірлеген виртуалды шынайылықты тамашалады. "Россия сегодня" медиа тобының Инновациялық журналистика орталығындағы арнайы жобаның бас редакторы Артем Буфтяк әріптестеріне болашақта мұндай технология журналистикада қолданылуы мүмкін екенін және оны дайындауға арналған ағдарламалар күрделі әрі қымбат болмайтынын айтты.
"Кез келген технология сияқты ол да арзандайды, мамандар көбейеді. Сондықтан шамамен он жылдан кейін жергілікті IT факультетінің студенті ібір дана шоколад пен 5 долларға сізге дәл осындай деңгейдегі жоба әзірлеп бере алады", - деді ол.
Шеберлік сабақтарының соңғы күні іс-шараға қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды қорғап, сертификат алды.