https://sputnik.kz/20230526/batys-qazaqstanda-balalardy-andygan-er-adam-ustaldy-35280920.html
Батыс Қазақстанда балаларды аңдыған ер адам ұсталды
Батыс Қазақстанда балаларды аңдыған ер адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында балаларды аңдыған ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз... 26.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-26T11:44+0500
2023-05-26T11:44+0500
2023-05-26T11:44+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/272/11/2721112_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_ee2e12fc40db5ccbf94167314f299d13.jpg
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында балаларды аңдыған ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.24 мамырда әлеуметтік желілерде Ақсай қаласында белгісіз ер адамның ойын алаңындағы балаларды бақылап, олармен сөйлесуге тырысқаны жайлы видео тарады.Ал келесі күні 25 мамырда Ақсай қаласындағы 10-шы шағын аудан тұрғындарынан бұл адамның тағы да аулаларды аралап жүргені туралы шағымдар түсе бастаған."Полиция 1978 жылы туған тұрғынды медициналық тексеруден өту үшін Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізді, оның нәтижесі бойынша ол Орал қаласындағы облыстық психикалық-денсаулық орталығына жеткізіліп, бақылауға алынды. Оған "Шизофрения белгілері жоқ ТБИ фонындағы психикалық және мінез-құлық өзгерістері" диагнозы қойылды", - дейді полиция.Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адамның шалбарын шешкені туралы ақпарат жоқ."Шалбарға қатысты ақпарат тексеріліп жатыр, тұрғындардан бұл бойынша арыз-шағым түспеді. Ұсталған тұрғын бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, сондай-ақ психоорталық пен есірткі бойынша есепке алынбаған. Осы факті бойынша Бөрлі АПб-да ҚР ҚК 124-бабының 1-тармағы "Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау"" бойынша тергеу жүріп жатыр", - дейді Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/272/11/2721112_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b3b7f441291aded6aa2f9e04aa993eea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында балаларды аңдыған ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
24 мамырда әлеуметтік желілерде Ақсай қаласында белгісіз ер адамның ойын алаңындағы балаларды бақылап, олармен сөйлесуге тырысқаны жайлы видео тарады.
"Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторы жіберіліп, 1978 жылғы азаматты тексеру кезінде одан пышақ табылып, тәркіленді. Медициналық сараптама қортындысына сәйкес ол есірткіге мас болған. Ол Ақсай қаласының уақытша бейімдеу орталығына орналастырылып, бір тәулік өткеннен кейін босатылды", - дейді ведомство.
Ал келесі күні 25 мамырда Ақсай қаласындағы 10-шы шағын аудан тұрғындарынан бұл адамның тағы да аулаларды аралап жүргені туралы шағымдар түсе бастаған.
"Полиция 1978 жылы туған тұрғынды медициналық тексеруден өту үшін Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізді, оның нәтижесі бойынша ол Орал қаласындағы облыстық психикалық-денсаулық орталығына жеткізіліп, бақылауға алынды. Оған "Шизофрения белгілері жоқ ТБИ фонындағы психикалық және мінез-құлық өзгерістері" диагнозы қойылды", - дейді полиция.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адамның шалбарын шешкені туралы ақпарат жоқ.
"Шалбарға қатысты ақпарат тексеріліп жатыр, тұрғындардан бұл бойынша арыз-шағым түспеді. Ұсталған тұрғын бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, сондай-ақ психоорталық пен есірткі бойынша есепке алынбаған. Осы факті бойынша Бөрлі АПб-да ҚР ҚК 124-бабының 1-тармағы "Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау"" бойынша тергеу жүріп жатыр", - дейді Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі.