https://sputnik.kz/20230526/balalar-samokat-ata-ana-zhauapqa-tartylady-35289370.html
Балалардың электросамокатпен жүргені үшін ата-ана жауапқа тартылады – әкімдік
Балалардың электросамокатпен жүргені үшін ата-ана жауапқа тартылады – әкімдік
Электросамокатты 18 жасқа дейінгі балаларға жалға алуға шектеу қойылған. Алайда соған қарамастан оқушылардың жалдамалы самокатпен жүргенін жиі байқаймыз.
2023-05-26T13:02+0600
2023-05-26T13:02+0600
2023-05-26T13:02+0600
қоғам
ата-ана
балалар
әкімдік
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/1116/61/11166185_0:87:1198:761_1920x0_80_0_0_8bdd80506622050b4e6eb1b56f31f827.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық мобильділік басқармасы балалары самокат мінетін ата-аналар үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.Алматыда электросамокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері мектептердегі ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыста олар ата-аналарға самокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді.Кикшеринг компанияларының мәліметінше, электросамокатты 18 жасқа дейінгі балаларға жалға алуға шектеу қойылған. Алайда соған қарамастан оқушылардың жалдамалы самокатпен жүргенін жиі байқаймыз.Компания өкілдері бұл мәселе, ең алдымен, бала қауіпсіздігіне қатысты екенін атап өтті."Кәмелетке толмаған балалар мінген электросамокат жол апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-ана жауапқа тартылады", - деп ескертті басқармадағылар.Алматы әкімдігі жол-көлік қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына қосымшада тіркелу үшін банк карталарын бермеуге және электросамокатпен жүрмеуін қадағалауға кеңес берді.
https://sputnik.kz/20230510/shlem-zhane-zhurgizushi-kualigi-samokat-minetinderge-talapty-kusheytetin-zan-qabyldandy-34728955.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1116/61/11166185_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_178f269cf3c42883e060281981f6b284.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
электросамокат скутер самокат балалар ата-аналар жауапкершілік жаза
электросамокат скутер самокат балалар ата-аналар жауапкершілік жаза
Балалардың электросамокатпен жүргені үшін ата-ана жауапқа тартылады – әкімдік
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық мобильділік басқармасы балалары самокат мінетін ата-аналар үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Алматыда электросамокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері мектептердегі ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыста олар ата-аналарға самокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді.
Кикшеринг компанияларының мәліметінше, электросамокатты 18 жасқа дейінгі балаларға жалға алуға шектеу қойылған. Алайда соған қарамастан оқушылардың жалдамалы самокатпен жүргенін жиі байқаймыз.
"Кикшеринг қосымшасында тіркелу үшін банк картасының деректері қажет, ал балалардың картасы автоматты түрде қабылданбайды. Сондықтан балалар ата-анасының немесе туыстарының банк карталарын пайдаланады, сөйтіп электр скутерлерін жалға алады", - делінген хабарламада.
Компания өкілдері бұл мәселе, ең алдымен, бала қауіпсіздігіне қатысты екенін атап өтті.
"Кәмелетке толмаған балалар мінген электросамокат жол апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-ана жауапқа тартылады", - деп ескертті басқармадағылар.
Алматы әкімдігі жол-көлік қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына қосымшада тіркелу үшін банк карталарын бермеуге және электросамокатпен жүрмеуін қадағалауға кеңес берді.