https://sputnik.kz/20230526/ayeldin-mayitin-zhuk-salgyshta-2-kun-saqtagan-kudiktige-qatysty-sot-bastaldy-35267605.html
Әйелдің мәйітін жүк салғышта 2 күн сақтаған: күдіктіге қатысты сот басталды
Әйелдің мәйітін жүк салғышта 2 күн сақтаған: күдіктіге қатысты сот басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны 47 жастағы әйелді 35 жерден пышақтап өлтіріп, оның жансыз денесін екі күн автокөлігінің жүк салғышында сақтаған. 26.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-26T07:54+0500
2023-05-26T07:54+0500
2023-05-26T07:54+0500
мәйіт
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны 47 жастағы әйелді 35 жерден пышақтап өлтіріп, оның жансыз денесін екі күн автокөлігінің жүк салғышында сақтаған.Сотта күдікті қылмысты қалай жасағанын толық айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, күдікті марқұм келіншекпен биыл ақпанда танысқан. Өзін ажырасқанмын деп таныстырып, екеуі кездесіп жүрген. Кейін әйел жігіттің отбасы бар екенін біліп қалып, жанжал шыққан. "Әйеліңе айтып қоямын"дегенді естігенде күдікті көлігінде тұрған пышақты алып, келіншекті 35 жерден пышақтап тастапты.Сотқа жәбірленушінің жақындары мен қызы қатысты. Олар кешірім бермейтінін айтты. Күдікті басқа әйелмен байланысын отбасы, әйелі біліп қояды деп қорыққаннан осындай қылмысқа барған. Кейін есін жинап, мәйітті жүк салғышына салып көлікті үйіне әкеліп қойыпты. Қан болған киімдерін машинкада жуып, қылмысты жасырмақ ойы болған.Еске сала кетейік, 23 ақпанда әкімдік қызметкері 47 жастағы келіншек ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Екі күннен кейін оның денесі күдіктінің көлігінің жүк салғышынан табылды. Қылмыс көше камераларының көмегімен ашылған.
https://sputnik.kz/20210911/Atyraud-agasy-mayit-18105209.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәйіт, ақтөбе
Әйелдің мәйітін жүк салғышта 2 күн сақтаған: күдіктіге қатысты сот басталды
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны 47 жастағы әйелді 35 жерден пышақтап өлтіріп, оның жансыз денесін екі күн автокөлігінің жүк салғышында сақтаған.
Сотта күдікті қылмысты қалай жасағанын толық айтып берді, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, күдікті марқұм келіншекпен биыл ақпанда танысқан. Өзін ажырасқанмын деп таныстырып, екеуі кездесіп жүрген. Кейін әйел жігіттің отбасы бар екенін біліп қалып, жанжал шыққан. "Әйеліңе айтып қоямын"дегенді естігенде күдікті көлігінде тұрған пышақты алып, келіншекті 35 жерден пышақтап тастапты.
Сотқа жәбірленушінің жақындары мен қызы қатысты. Олар кешірім бермейтінін айтты. Күдікті басқа әйелмен байланысын отбасы, әйелі біліп қояды деп қорыққаннан осындай қылмысқа барған. Кейін есін жинап, мәйітті жүк салғышына салып көлікті үйіне әкеліп қойыпты. Қан болған киімдерін машинкада жуып, қылмысты жасырмақ ойы болған.
"Мұратәлиеваға пышақпен көптеген соққы жасап, 35 жерден дене жарақатын келтірген. Салдарынан ол оқиға орнында қаза болды", - деді мемлекеттік айыптаушы Эльдар Әбиев.
Еске сала кетейік, 23 ақпанда әкімдік қызметкері 47 жастағы келіншек ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Екі күннен кейін оның денесі күдіктінің көлігінің жүк салғышынан табылды. Қылмыс көше камераларының көмегімен ашылған.