https://sputnik.kz/20230526/aqtobe-oblysynda-mektep-internat-zansyz-zhumys-istegen-35329452.html
Ақтөбе облысында мектеп-интернат заңсыз жұмыс істеген
Ақтөбе облысында мектеп-интернат заңсыз жұмыс істеген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы Қобда ауданында мектеп-интернат 9 ай бойы заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды облыстық прокуратура. 26.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-26T18:00+0500
2023-05-26T18:00+0500
2023-05-26T18:00+0500
ақтөбе облысы
интернат
https://sputnik.kz/img/1106/89/11068922_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_c285efda6e9bb35f9e8d3d7fb01ecfc5.jpg
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы Қобда ауданында мектеп-интернат 9 ай бойы заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды облыстық прокуратура. Онда ауылдық жерлерден келген 15 бала білім алған. Сонымен қатар интернат ғимаратының санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай екендігі туралы құжаты жоқ. "Интернат асханасының қызметкері медициналық тексеруден өтпей, санитарлық кітапшасыз жұмыс істеген. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргеніне, сондай-ақ сапалы білім алуға конституциялық құқықтарының шектелгеніне қарамастан жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары еш шара қолданбаған", - дейді Өркен Ещанов. Прокуратура араласқан соң білім бөлімі мектеп-интернаттың жұмыс істеуіне қажетті барлық рұқсат құжаттарын алуға өтінім жолдап, балаларды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаған. Барлық кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.
https://sputnik.kz/20230411/semeyde-internat-oqushysy-qaytys-boldy-33811436.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/89/11068922_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_b638eceeb4b73951c011ef7096a2ac60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, интернат
Ақтөбе облысында мектеп-интернат заңсыз жұмыс істеген
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы Қобда ауданында мектеп-интернат 9 ай бойы заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Онда ауылдық жерлерден келген 15 бала білім алған.
"Интернат қызметі білім беру мекемесінің жанында ұйымдастырылғанымен, оның құрылтай құжаттарында мүлдем көрсетілмеген. Мектеп және мектеп жанындағы интернат оқушыларына арналған ішкі тәртіп ережелері заңды күштерін жойған құқықтық актілер негізінде әзірленген. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мемлекет кепілдік берген тегін киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілмеген", - дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.
Сонымен қатар интернат ғимаратының санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай екендігі туралы құжаты жоқ.
"Интернат асханасының қызметкері медициналық тексеруден өтпей, санитарлық кітапшасыз жұмыс істеген. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргеніне, сондай-ақ сапалы білім алуға конституциялық құқықтарының шектелгеніне қарамастан жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары еш шара қолданбаған", - дейді Өркен Ещанов.
Прокуратура араласқан соң білім бөлімі мектеп-интернаттың жұмыс істеуіне қажетті барлық рұқсат құжаттарын алуға өтінім жолдап, балаларды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаған. Барлық кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.