https://sputnik.kz/20230525/zhoq-bizneske-grant-bergen-zhumyspen-qamtu-ortalyqtarynyn-bylygy-ashkere-boldy-35243231.html
Жоқ бизнеске грант берген: жұмыспен қамту орталықтарының былығы әшкере болды
Жоқ бизнеске грант берген: жұмыспен қамту орталықтарының былығы әшкере болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облыстық прокуратурасы ішкі еңбек нарығын қорғау және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жұмыспен қамту... 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T13:08+0500
2023-05-25T13:08+0500
2023-08-09T09:49+0500
ақтөбе облысы
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облыстық прокуратурасы ішкі еңбек нарығын қорғау және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына тексеріс жүргізді, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.Тексеру барысында бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалғаны анықталды.Мемлекет кәсіпкерлік идеяларды қолдау мақсатында 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 225 200 теңге қайтарымсыз гранттар ұсынады. Бағдарламаны іске асырудың негізгі мақсаты – грантты тиімді пайдалану. Алайда, ақтөбелік уәкілетті органдар бұл талаптарды орындамаған."Мысалы, жұмыспен қамту орталығы "шағын бизнесті" қолдау мақсатында "Мой сам" автомобиль жуу орнын ашуға 1 225 200 теңге көлемінде грант берген. Бірақ іс жүзінде мұндай орын болмаған. Сондай-ақ жұмыс істеп жүрген адамдарға жұмысынан айрылу бойынша жәрдемақылар негізсіз төленіп келген", - дейді Өркен Ещанов.Барлық заңбұзушылық бойынша қадағалау актілері енгізілді. Ал заңды белден басқан лауазымды мамандар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кейбірі қызметінен босаған.
https://sputnik.kz/20230513/zhyl-basynan-beri-73-myn-qazaqstandyq-turaqty-zhumysqa-ornalasty-34856877.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, білім гранттары
ақтөбе облысы, білім гранттары
Жоқ бизнеске грант берген: жұмыспен қамту орталықтарының былығы әшкере болды
13:08 25.05.2023 (жаңартылды: 09:49 09.08.2023) АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облыстық прокуратурасы ішкі еңбек нарығын қорғау және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына тексеріс жүргізді, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тексеру барысында бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалғаны анықталды.
"Жалған жұмыспен қамтудың көптеген фактісі және жалған әлеуметтік жұмыс орындарын құрудың 100-ден астам фактісі анықталды. Сондай-ақ талап етілмеген кәсіптер бойынша ресми оқыту жүргізілген, кәсіпкерлік идеяларды қолдауға гранттар беру кезінде де көптеген заңбұзушылық болған", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.
Мемлекет кәсіпкерлік идеяларды қолдау мақсатында 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 225 200 теңге қайтарымсыз гранттар ұсынады. Бағдарламаны іске асырудың негізгі мақсаты – грантты тиімді пайдалану. Алайда, ақтөбелік уәкілетті органдар бұл талаптарды орындамаған.
"Мысалы, жұмыспен қамту орталығы "шағын бизнесті" қолдау мақсатында "Мой сам" автомобиль жуу орнын ашуға 1 225 200 теңге көлемінде грант берген. Бірақ іс жүзінде мұндай орын болмаған. Сондай-ақ жұмыс істеп жүрген адамдарға жұмысынан айрылу бойынша жәрдемақылар негізсіз төленіп келген", - дейді Өркен Ещанов.
Барлық заңбұзушылық бойынша қадағалау актілері енгізілді. Ал заңды белден басқан лауазымды мамандар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кейбірі қызметінен босаған.