https://sputnik.kz/20230525/zhazda-28-mln-oqushy-memleket-esebinen-tegin-demalady--ministr-35252252.html
Жазда 2,8 млн оқушы мемлекет есебінен тегін демалады
Жазда 2,8 млн оқушы мемлекет есебінен тегін демалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы каникулда оқушылардың демалысын ұйымдастыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik... 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T15:19+0500
2023-05-25T15:19+0500
2023-05-25T16:48+0500
каникул
балалар
https://sputnik.kz/img/1034/77/10347752_0:0:1198:674_1920x0_80_0_0_482a57e8596c566b18e0ef766aa63dd0.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы каникулда оқушылардың демалысын ұйымдастыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, биылғы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 1-10 сыныпта оқитын балалардың 85,3 проценті қамтылады. Олардың жалпы саны - 2,8 млн адам. Соның ішінде жекелеген санаттарға кіреетін 500 мыңнан астам бала бар.Жергілікті бюджеттің есебінен демалатындар:Республика бойуынша каникул кезінде қала сыртындағы 218 (118 - мемлекеттік, 100 - жеке) және мектеп жанындағы 10,2 мың лагерь өз есігін ашалды."Сонымен қатар, оқушыларға дәстүрлі және мәдени құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін "Этноауыл", "Жаздық жолдама" жобаларын іске асыру, жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептерінің жұмысы көзделген. Бұдан бөлек, 11 мың үйірме жұмысын жалғастырады. Жалпы, 1,4 млн баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы қосымша білім беру ұйымдары",- дейді министр Бейсембаев.Мектеп оқушылары "Жасыл ел" бағдарламасы аясында көгалдандыру шараларымен де айналысады. Еліміздің киелі жерлеріне саяхаттайды, спорттық жаттықтыру жиындарына және тілдік курстарға қатысады.
https://sputnik.kz/20230525/biyl-qansha-oqushy-mektep-bitiredi-35242784.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1034/77/10347752_53:0:1120:800_1920x0_80_0_0_306e95be66f64107f403e0301aef62cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каникул, балалар
Жазда 2,8 млн оқушы мемлекет есебінен тегін демалады
15:19 25.05.2023 (жаңартылды: 16:48 25.05.2023) АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы каникулда оқушылардың демалысын ұйымдастыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, биылғы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 1-10 сыныпта оқитын балалардың 85,3 проценті қамтылады. Олардың жалпы саны - 2,8 млн адам. Соның ішінде жекелеген санаттарға кіреетін 500 мыңнан астам бала бар.
Жергілікті бюджеттің есебінен демалатындар:
ата-анасының қамқорлығнсыз қалған балалар:
көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары;
мүмкіндігі шектеулі балалар;
экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарда тұратын балалар;
Республика бойуынша каникул кезінде қала сыртындағы 218 (118 - мемлекеттік, 100 - жеке) және мектеп жанындағы 10,2 мың лагерь өз есігін ашалды.
"Сонымен қатар, оқушыларға дәстүрлі және мәдени құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін "Этноауыл", "Жаздық жолдама" жобаларын іске асыру, жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептерінің жұмысы көзделген. Бұдан бөлек, 11 мың үйірме жұмысын жалғастырады. Жалпы, 1,4 млн баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы қосымша білім беру ұйымдары",- дейді министр Бейсембаев.
Мектеп оқушылары "Жасыл ел" бағдарламасы аясында көгалдандыру шараларымен де айналысады. Еліміздің киелі жерлеріне саяхаттайды, спорттық жаттықтыру жиындарына және тілдік курстарға қатысады.