https://sputnik.kz/20230525/vitse-ministr-abay-oblysyndagy-orman-ortine-qatysty-bolzhamyn-bolisti-35240602.html
Вице-министр Абай облысындағы орман өртіне қатысты болжамын бөлісті
Вице-министр Абай облысындағы орман өртіне қатысты болжамын бөлісті
Күршімбаевтың айтуынша, алғашқы күндері үш елді мекенге қауіп төнген 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T11:29+0600
2023-05-25T11:29+0600
2023-05-25T11:29+0600
орман өрті
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/05/18/35203603_0:280:1280:1000_1920x0_80_0_0_1597902ed75eb41f0cf22c9f0f54680e.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күршімбаев Абай облысындағы орман өрті неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, орман өртін ауыздықтау әрқашан да қиын."Климаттық жағдай да әсер етеді, қазір секундына 15 метрге дейін жел соғып тұр, күндіз ауа температурасы 25-26 градусқа дейін көтеріледі. Міне, осы құрғақ ауа райы өрттің жайылуына әсер етеді. Оның үстіне өте күрделі рельеф, сол себепті өрт сөндіру ұзаққа созылып жатыр, осымен үшінші тәулік күресіп жатырмыз. Қазір төтенше жағдай бақылауда", - деді Күршімбаев үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.Өрттің жалпы аумағы 3,5 мың гектарды құрайды.Вице-министр дәл қазір елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті."Алайда алғашқы күндері үш елді мекенге қауіп төнді. Жергілікті атқарушы органар мен полиция қызметкерлерінің көмегімен тұрғындар дер кезінде эвакуацияланды. Олардың мүлкін күзетіп жатыр, жағдай тұрақталғаннан кейін халық үйлеріне оралады", - деді Күршімбаев.Еске салсақ, 22 мамырда түс кезінде Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватының аумағынан өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша өрт Ресейдің іргелес аумағындағы дала өртінен ауысқан.
https://sputnik.kz/20230525/abay-oblysyndagy-orman-orti-totenshe-zhagday-zhariyalanady-35236920.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/18/35203603_0:160:1280:1120_1920x0_80_0_0_ba1818412a038357d7b1bc9876928025.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
орман өрті
Вице-министр Абай облысындағы орман өртіне қатысты болжамын бөлісті
Күршімбаевтың айтуынша, алғашқы күндері үш елді мекенге қауіп төнген
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күршімбаев Абай облысындағы орман өрті неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, орман өртін ауыздықтау әрқашан да қиын.
"Климаттық жағдай да әсер етеді, қазір секундына 15 метрге дейін жел соғып тұр, күндіз ауа температурасы 25-26 градусқа дейін көтеріледі. Міне, осы құрғақ ауа райы өрттің жайылуына әсер етеді. Оның үстіне өте күрделі рельеф, сол себепті өрт сөндіру ұзаққа созылып жатыр, осымен үшінші тәулік күресіп жатырмыз. Қазір төтенше жағдай бақылауда", - деді Күршімбаев үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Өрттің жалпы аумағы 3,5 мың гектарды құрайды.
Вице-министр дәл қазір елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті.
"Алайда алғашқы күндері үш елді мекенге қауіп төнді. Жергілікті атқарушы органар мен полиция қызметкерлерінің көмегімен тұрғындар дер кезінде эвакуацияланды. Олардың мүлкін күзетіп жатыр, жағдай тұрақталғаннан кейін халық үйлеріне оралады", - деді Күршімбаев.
Еске салсақ, 22 мамырда түс кезінде Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватының аумағынан өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша өрт Ресейдің іргелес аумағындағы дала өртінен ауысқан.