Тоқаев: Қазақстан ЕАЭО логистикалық хабы бола алады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев выступил на Евразийском экономическом форуме "Евразийская интеграция в многополярном мире"
Токаев выступил на Евразийском экономическом форуме Евразийская интеграция в многополярном мире - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды.
Мемлекет басшысының айтуынша, әрі қарай интеграциялық дамудың тағы бір маңызды бағыты – жаңа халықаралық көлік артерияларын құру болуы мүмкін.
"Біздің экономикалық одақ Еуропа мен Азия, жаһандық оңтүстік пен солтүстік арасындағы байланыстырушы буынға айналатынына сенімдімін. Біз Ресей Федерациясының ҚХР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында дәліздер қалыптастыру ниетін құптаймыз. Транскаспий бағытымен ұштастыра отырып, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамыту қажеттігі туралы ой пісіп-жетілді деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.
Президент Қазақстанның барлық мүмкіндіктері мен ресурстарын жұмылдырып, ЕАЭО-ның сенімді логистикалық хабы болатынын айтты.
"Тақырыптық бастама ретінде Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынамыз. Бұл үшін Челябинскіде жүк жинақтайтын орталық ашып, "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізінің қазіргі инфрақұрылымын пайдалануға болады. Біз өзіміздің Бейнеу – Маңғыстау темір жол желісіндегі және Бейнеу – Шалқар автокөлік жолындағы талапқа сай келмейтін учаскелерді қайта салуға әзірміз. Тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін күш жұмылдыру маңызды. Сол себепті Қазақстан мұны сөзсіз іске асырады. Бақты – Аягөз темір жол құрылысын өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нақты мысалы деуге болады. Оның іске қосылуы Қазақстанның да, Ресейдің де Қытай бағытына жөнелтетін жүк көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді", - деді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0