Қазақстанның өрт сөндірушілеріне тікұшақтар беріледі

© AFP 2024 / YONHAPТікұшақ су шашып жатыр. Архивтегі фото
Тікұшақ су шашып жатыр. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстандық өрт сөндірушілер үшін тікұшақтарға арналған 26 жаңа су төгетін құрылғы сатып алынады – үкімет резервтен 623 миллион теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Хабарламада көрсетілгендей, орман өрттері Қазақстанда күрделі мәселеге айналып отыр. Сондықтан министрлер кабинеті өрт қаупі кезеңіне дейін азаматтар мен мүлікті өрттен қорғауды қамтамасыз етуге көмектесетін қаулы қабылдады.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылатын тікұшақтарға арналған сыртқы аспадағы 26 жаңа су төгетін құрылғыны сатып алуға үкімет резервінен 623 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді", - деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметте атап өткендей, бұл құрылғыларды қалалардың шеткі аймақтарында да, республиканың шалғай, жетуге қиын аудандарында да пайдалану жоспарланып отыр.
"5 тонна суды 10-15 секундта жинап, 6 секундта ағыза алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация үлкен орман аумақтарына өрт сөндіргіш сұйықтықты жылдам себуге мүмкіндік алады", - деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Құрылғылардан бөлек үкімет құтқарушылар паркін толықтыруды көздеп отыр.
"Құтқарушылар паркі тиімділігін дәлелдеген және Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру, қауіпті аймақтардан халықты эвакуациялау және тағы басқа тапсырмаларын орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Абай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті: төтенше жағдай жарияланады
Жаңалықтар
0