Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы - видео

Жазылу
Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында биыл Ресей төрағалық еткен Еуразиялық экономикалық одақтың басымдықтарын іске асыру барысы қаралды.
Олардың қатарында энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, технологиялық және қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, цифрлық трансформацияны жеделдету, реттеушілік және сауда кедергілерін жою, көлік инфрақұрылымын дамыту және т.б. бар.
Сондай-ақ Одақтың халықаралық қызметі мен үшінші елдермен және өңірлік бірлестіктермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланады.
Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан президентімен қатар Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысты.
Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысты.
Жаңалықтар
0