Көкшетауда бірнеше адам арзан қант аламыз деп сан соғып қалды

© Photo : пресс- служба акимата Алматинской областиСахарный тростник из стран Латинской Америки начали поставлять на завод в Алматинской области
Сахарный тростник из стран Латинской Америки начали поставлять на завод в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Көкшетау қаласында халықты 7,7 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыс орталығының тұрғыны қантқа сұраныстың күрт көбейгенін байқап, алаяқтық жасауға шешім қабылдаған. Ол арзан бағамен қант ұсынған. Бір қап үшін 7 мың теңге сұрады. Оған біраз адам сеніп, ақшасын аударған. Бірақ уәде етілген тауар жеткізілмеген.
Қазіргі кезде жеті адамнан арыз түсті. Шығынның жалпы сомасы – 7,7 миллион теңге. Жедел іздестіру шаралары кезінде бұрын сотталған 56 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлігі (Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.
Сахар - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Енді Қазақстанда қант тапшылығы болмайды – Жұманғарин
Жаңалықтар
0