https://sputnik.kz/20230525/eaeo-sammiti-prezidentter-qanday-maselelerdi-talqylady-35395101.html
ЕАЭО саммиті: президенттер қандай мәселелерді талқылады
ЕАЭО саммиті: президенттер қандай мәселелерді талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. Күні кеше Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин төрағалық еткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жыл сайынғы отырысы... 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T19:14+0500
2023-05-25T19:14+0500
2023-05-29T16:14+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4adb35cf617af745e47ce0ada7d2d2a2.jpg
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. Күні кеше Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин төрағалық еткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жыл сайынғы отырысы аясында ЕАЭО елдерінің президенттері бас қосты. Ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары ЕАЭО жұмысындағы негізгі бағыттар мен оның қызметін дамытуға кедергі келтіріп отырған факторлар туралы пікір алмасты.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа халықаралық көлік артерияларын құру арқылы интеграциялық дамудың тағы бір маңызды бағытын іске қосуға болады."Біз Ресей Федерациясының ҚХР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында дәліздер қалыптастыру ниетін құптаймыз. Транскаспий бағытымен ұштастыра отырып, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамыту қажеттігі туралы ой пісіп-жетілді деп ойлаймын. Бастама ретінде Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынамыз. Бұл үшін Челябинскіде жүк жинақтайтын орталық ашып, "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізінің қазіргі инфрақұрылымын пайдалануға болады. Біз өзіміздің Бейнеу – Маңғыстау темір жол желісіндегі және Бейнеу – Шалқар автокөлік жолындағы талапқа сай келмейтін учаскелерді қайта салуға әзірміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан президенті тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін күш жұмылдыру маңызды екенін айтып, Қазақстан мұны сөзсіз іске асыратынына сенім білдірді.Тоқаев ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын айтып, осы орайда экспорт 98 пайызға өскенін де кеңес отырысында дәйек ретінде келтірді."Геосаяси мәселелерге байланысты туындаған сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап, экономикалық өсім қарқыны мен өзара сауда көлемін арттыруда. ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткім келеді. Осы орайда экспорт 98 пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш деп санаймыз", - деді мемлекет басшысы.Ал Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО саммитінде Еуразиялық рейтинг агенттігін құруды ұсынды."ЕурАзЭҚ аумағында ұлғайып келе жатқан экономикалық белсенділікке қызмет көрсету үшін әділ бағалау құралдарының болуы маңызды. Осы орайда Еуразиялық рейтинг агенттігін құру пайдалы болар еді", - деді Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында.Ресейлік көшбасшының айтуынша, бұл идеяны жүзеге асыруда нақты қағидалар мен қатаң критерийлер қажет."Жұмыстың мінсіз әділ болуы қажет. Бұл бастаманың құндылығы да осында. Егер бұл орындалмаса, онда бұл жұмыстың еш мәні жоқ", - деді Путин.Онымен қатар Владимир Путин ЕАЭО кеңістігінде қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету қажет екенін тағы ескертті. Ол одақ аясындағы дамудың тең жоғары деңгейіне жету үшін одақ мүшелері бірлесіп жұмыс істейтінін атап өтті."Барлық бес елдің азаматтары Одақтың басқа мемлекетіне жұмыс істеуге, оқуға немесе бизнеспен айналысуға келгенде өздерін өз үйіндегідей жайлы сезінетіндей ету керек. Бұған ЕАЭО аясында қызметтердің, қаржының және адами капиталдың шынайы, жүз пайыз қозғалысын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады", - деді ресейлік президент.РФ президенті ЕАЭО аясындағы төрт белгілі еркіндікке бесіншіні – білім еркіндігін қосуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл жалпы еуразиялық идеологияны қалыптастыруға ықпал етеді."Мен ЕАЭО-дағы тауарлар мен қызметтердің қозғалысы, қаржы және адам капиталы аясындағы белгілі төрт еркіндікке бесіншісін қосуды ұсынар едім. Бұл – білім беру еркіндігі. Ол денсаулық сақтау және мемлекеттік басқарудың жалпы принциптері мен стандарттары негізінде жүзеге асырылатын еді", - деді ол.Сондай-ақ Владимир Путин Одақ елдерінің цифрлық егемендігін қамтамасыз ету үшін ЕАЭО-да бірыңғай цифрлық экожүйені құру және "ЕурАзЭО-да жасалған" деген сауда белгісі бар өнімдердің санын көбейту қажеттілігін айтты.Қырғызстан көшбасшысы Садыр Жапаров ЕАЭО саммитінде сөйлеген сөзінде бірлестіктің негізгі қағидаттарының бірі – қозғалыс еркіндігін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол ЕАЭО елдерінің еңбек мигранттарына қажетті құжаттарды қашықтан, яғни электронды форматта толтыруға мүмкіндік беру керек екенін айтты."Азаматтардың басқа елде жұмысқа орналасу үшін қажетті әрекеттерді электронды форматта, яғни өз елінің аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажет", - деді Жапаров.Оның айтуынша, жүріп-тұру еркіндігін орындай отырып, ЕАЭО елдері азаматтарының жұмысқа орналасуын айтарлықтай жеңілдетуге болады.Жапаров сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері аясында көлік дәліздерін дамытуда теңізге шығу жолы жоқ елдердің осы дәліздерге қолжетімділігін ерекше ескеру керектігін айтты."Көлік-логистикалық инфрақұрылым саласында көлік дәліздерінің, атап айтқанда солтүстік – оңтүстік және шығыс – батыс бағыттары бойынша жаңа инфрақұрылымды дамыту қажеттілігіне тоқталғым келеді. Сондықтан теңізге шыға алмайтын ЕАЭО елдерінің көлік дәліздеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды ұсынамын", - деді Қырғызстан президенті.Ал Беларусь көшбасшысы Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақта газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді."Бұл біздің экономикаларымыз үшін іргелі бағыттар болып саналады. Санкциялар аясында олардың өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті", - деді Лукашенко.Беларусь президентінің айтуынша, әлі де толыққанды экономикалық одақ құруЕАЭО-дағы басым міндет болып табылады. Ол еуразиялық кеңістікте өзара саудаға ешқандай кедергі болмауы керек деген сенімімен бөлісті."Мен ешқандай кедергілер мен шектеулер болмауы керек деген бұрынғы көзқарасымды әлі де ұстанып отырмын. Бұл біздің одақ құрудың негізгі қағидасы және біз жақын арада осы мақсатқа жетуіміз керек", - деді Беларусь президенті.Сонымен қатар Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы аумақтық тұтастықты өзара мойындау негізінде қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін алғышарттардың пайда болғанын айтты."Аумақтық тұтастық пен егемендікті өзара тану негізінде Әзербайжан мен Арменияның қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үшін елеулі алғышарттар бар", - деді Әлиев.Ильхам Әлиев Бакудің Ереванға аумақ мәселесі бойынша талаптары жоқ екенін айтты."Әзербайжанның Арменияға аумақ бойынша ешқандай шағымы жоқ. Менің сөздерімнен аумаққа қатысты қандай да бір даудың астарын көрудің қажеті жоқ", - деді ол.Армения премьер-министрі Никол Пашинян азық-түлік қауіпсіздігін Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың маңызды элементі деп атады. Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі халық үшін азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге және нарықты сапасыз өнімдерден қорғауға бағытталған."Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұжымдық жүйесін қалыптастыру қажеттілігі күрт артты. Мен ЕАЭО елдерінің күш-жігерін осы бағытта біріктіру керек деп санаймын", - деді Армения премьер-министрі.Жалпы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Мәскеуде ЕАЭО-ға қатысушы елдердің басшылары 13 құжатқа қол қойды.Еске салсақ, ЕАЭО құрамына Армения, Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_b5f210999a729a0779cdcac807f8100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. Күні кеше Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин төрағалық еткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жыл сайынғы отырысы аясында ЕАЭО елдерінің президенттері бас қосты. Ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары ЕАЭО жұмысындағы негізгі бағыттар мен оның қызметін дамытуға кедергі келтіріп отырған факторлар туралы пікір алмасты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа халықаралық көлік артерияларын құру арқылы интеграциялық дамудың тағы бір маңызды бағытын іске қосуға болады.
"Біз Ресей Федерациясының ҚХР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында дәліздер қалыптастыру ниетін құптаймыз. Транскаспий бағытымен ұштастыра отырып, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамыту қажеттігі туралы ой пісіп-жетілді деп ойлаймын. Бастама ретінде Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынамыз. Бұл үшін Челябинскіде жүк жинақтайтын орталық ашып, "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізінің қазіргі инфрақұрылымын пайдалануға болады. Біз өзіміздің Бейнеу – Маңғыстау темір жол желісіндегі және Бейнеу – Шалқар автокөлік жолындағы талапқа сай келмейтін учаскелерді қайта салуға әзірміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін күш жұмылдыру маңызды екенін айтып, Қазақстан мұны сөзсіз іске асыратынына сенім білдірді.
Тоқаев ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын айтып, осы орайда экспорт 98 пайызға өскенін де кеңес отырысында дәйек ретінде келтірді.
"Геосаяси мәселелерге байланысты туындаған сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап, экономикалық өсім қарқыны мен өзара сауда көлемін арттыруда. ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткім келеді. Осы орайда экспорт 98 пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш деп санаймыз", - деді мемлекет басшысы.
Ал Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО саммитінде Еуразиялық рейтинг агенттігін құруды ұсынды.
"ЕурАзЭҚ аумағында ұлғайып келе жатқан экономикалық белсенділікке қызмет көрсету үшін әділ бағалау құралдарының болуы маңызды. Осы орайда Еуразиялық рейтинг агенттігін құру пайдалы болар еді", - деді Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында.
Ресейлік көшбасшының айтуынша, бұл идеяны жүзеге асыруда нақты қағидалар мен қатаң критерийлер қажет.
"Жұмыстың мінсіз әділ болуы қажет. Бұл бастаманың құндылығы да осында. Егер бұл орындалмаса, онда бұл жұмыстың еш мәні жоқ", - деді Путин.
Онымен қатар Владимир Путин ЕАЭО кеңістігінде қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету қажет екенін тағы ескертті. Ол одақ аясындағы дамудың тең жоғары деңгейіне жету үшін одақ мүшелері бірлесіп жұмыс істейтінін атап өтті.
"Барлық бес елдің азаматтары Одақтың басқа мемлекетіне жұмыс істеуге, оқуға немесе бизнеспен айналысуға келгенде өздерін өз үйіндегідей жайлы сезінетіндей ету керек. Бұған ЕАЭО аясында қызметтердің, қаржының және адами капиталдың шынайы, жүз пайыз қозғалысын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады", - деді ресейлік президент.
РФ президенті ЕАЭО аясындағы төрт белгілі еркіндікке бесіншіні – білім еркіндігін қосуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл жалпы еуразиялық идеологияны қалыптастыруға ықпал етеді.
"Мен ЕАЭО-дағы тауарлар мен қызметтердің қозғалысы, қаржы және адам капиталы аясындағы белгілі төрт еркіндікке бесіншісін қосуды ұсынар едім. Бұл – білім беру еркіндігі. Ол денсаулық сақтау және мемлекеттік басқарудың жалпы принциптері мен стандарттары негізінде жүзеге асырылатын еді", - деді ол.
Сондай-ақ Владимир Путин Одақ елдерінің цифрлық егемендігін қамтамасыз ету үшін ЕАЭО-да бірыңғай цифрлық экожүйені құру және "ЕурАзЭО-да жасалған" деген сауда белгісі бар өнімдердің санын көбейту қажеттілігін айтты.
Қырғызстан көшбасшысы Садыр Жапаров ЕАЭО саммитінде сөйлеген сөзінде бірлестіктің негізгі қағидаттарының бірі – қозғалыс еркіндігін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол ЕАЭО елдерінің еңбек мигранттарына қажетті құжаттарды қашықтан, яғни электронды форматта толтыруға мүмкіндік беру керек екенін айтты.
"Азаматтардың басқа елде жұмысқа орналасу үшін қажетті әрекеттерді электронды форматта, яғни өз елінің аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажет", - деді Жапаров.
Оның айтуынша, жүріп-тұру еркіндігін орындай отырып, ЕАЭО елдері азаматтарының жұмысқа орналасуын айтарлықтай жеңілдетуге болады.
Жапаров сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері аясында көлік дәліздерін дамытуда теңізге шығу жолы жоқ елдердің осы дәліздерге қолжетімділігін ерекше ескеру керектігін айтты.
"Көлік-логистикалық инфрақұрылым саласында көлік дәліздерінің, атап айтқанда солтүстік – оңтүстік және шығыс – батыс бағыттары бойынша жаңа инфрақұрылымды дамыту қажеттілігіне тоқталғым келеді. Сондықтан теңізге шыға алмайтын ЕАЭО елдерінің көлік дәліздеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды ұсынамын", - деді Қырғызстан президенті.
Ал Беларусь көшбасшысы Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақта газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді.
"Бұл біздің экономикаларымыз үшін іргелі бағыттар болып саналады. Санкциялар аясында олардың өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті", - деді Лукашенко.
Беларусь президентінің айтуынша, әлі де толыққанды экономикалық одақ құру
ЕАЭО-дағы басым міндет болып табылады. Ол еуразиялық кеңістікте өзара саудаға ешқандай кедергі болмауы керек деген сенімімен бөлісті.
"Мен ешқандай кедергілер мен шектеулер болмауы керек деген бұрынғы көзқарасымды әлі де ұстанып отырмын. Бұл біздің одақ құрудың негізгі қағидасы және біз жақын арада осы мақсатқа жетуіміз керек", - деді Беларусь президенті.
Сонымен қатар Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы аумақтық тұтастықты өзара мойындау негізінде қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін алғышарттардың пайда болғанын айтты.
"Аумақтық тұтастық пен егемендікті өзара тану негізінде Әзербайжан мен Арменияның қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үшін елеулі алғышарттар бар", - деді Әлиев.
Ильхам Әлиев Бакудің Ереванға аумақ мәселесі бойынша талаптары жоқ екенін айтты.
"Әзербайжанның Арменияға аумақ бойынша ешқандай шағымы жоқ. Менің сөздерімнен аумаққа қатысты қандай да бір даудың астарын көрудің қажеті жоқ", - деді ол.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян азық-түлік қауіпсіздігін Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың маңызды элементі деп атады. Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі халық үшін азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге және нарықты сапасыз өнімдерден қорғауға бағытталған.
"Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұжымдық жүйесін қалыптастыру қажеттілігі күрт артты. Мен ЕАЭО елдерінің күш-жігерін осы бағытта біріктіру керек деп санаймын", - деді Армения премьер-министрі.
Жалпы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Мәскеуде ЕАЭО-ға қатысушы елдердің басшылары 13 құжатқа қол қойды.
Еске салсақ, ЕАЭО құрамына Армения, Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.