Димаш Құдайберген "Omir" атты жаңа бейнебаянын таныстырды

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің желідегі арнасында әншінің жаңа бейнебаяны жарияланып, оны жүз мыңнан астам адам тамашалап үлгерген.
Димаш Omir әнін барша жанкүйерлеріне арнады, деп хабарлайды әншінің ақпараттық порталы.
"Omir – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы. Бұл әнде әнші өзімен іштей монолог жүргізіп, өмір туралы сыр шертеді", - деп жазылған хабарламада.
Бәсең түстердегі бейнебаян MOOD VIDEO жанрында түсірілген, деп хабарлады Димаштың командасының өкілдері.
Клиптің сюжеті қарапайым – туған күнінде әнші көрермендермен бірге проектор қосулы бөлмеге кіріп, өмірінің ең жарқын сәттерін тамашалайды: алаңсыз балалық шақ, музыкалық байқаулар, олардың ішінде аты аңызға айналған "Жас Қанат" байқауы, "I am Singer" байқауындағы көптен күткен жеңіс, оның сүйікті Dears өкілдері, қызықты адамдармен кездесу және ұмытылмас концерттер.
Осы кадрларды тамашалап отырып Димаш пен көрермен әр сәтті қайтадан бастан кешіріп жатқандай сезімде болады.
Жанкүйерлеріне арнаған сөзінде әнші Omir әнінің әрбір сөзі мен әуені оның ішкі жан дүниесінен шыққанын, әнді жаңа жетістіктерге жетелейтін жанкүйерлеріне арнайтынын айтты.
Жаңалықтар
0