"ТЭК Қазақстан" компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. "Қазақстан – отын-энергетикалық кешені" сауда үйі" ЖШС өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
"Компания темір жол шекараларында сұйық жүктерді қабылдау, сақтау және босату бойынша 2 жыл ішінде негізсіз "үстеме пайда" алған", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Іс 20 сәуірде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, монополист кінәлі деп танылды.
Сот оны 1 094 593 950 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді және 579 826 102 теңге сомасында заңсыз алынған монополиялық табысты тәркіледі. Сот актісі заңды күшіне енді.
Поезд зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2023
Атырау облысында теміржол компаниясына 1 миллион доллардан астам айыппұл салынды
Жаңалықтар
0