Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен әбден мезі болды. Тұрғындар Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарласып, салынып жатқан жолдың құрылысы ұзаққа созылып кеткенін айтты.
Алматының "Алтын орда" базары маңында көпір салынғаннан кейін мұндағы көлік кептелісі сейіліп, жағдай біршама жақсарды. Алайда дәл осы жол бойындағы "19-шы шақырым", яғни "Алтын орда" мен Қаскелең қаласы арасындағы көлік кептелісі тұрғындардың жүйкесін жұқартқан. Оған себеп салынып жатқан – БАКАД.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
© Sputnik / Айдана Дайырова
"БАКАД салады дегенде төбеміз көкке жетті. БАКАДЫ бар болсын, тіпті жүруден қалдық. Қаншама көлік ауылдан келеді, қаладан Бішкекке қатынайды, бәрі екі жолақты жолға келіп кептеліп қалады. Қашан ашады бұл БАКАД-ты?" - дейді Көлді ауылының тұрғыны Әукен Сарпеков.
Бұл жол республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек жолы. Жол бойында Қаскелең қаласы, ірі-ірі ауылдар орналасқан. Ауданнан шыққан және күре жолмен ағылып жатқан көліктер бір-біріне жол бермей, 3 сағаттап кептелісте тұрады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Жол саламыз дейді де,бірнеше жылдап қолданысқа бермейді. Қарапайым халық зардабын шегіп жатыр. Мысалы мен мына тұрған қаланың түбінен шығамын. Қалаға кіру үшін 20-30 шақырып жүріп, қайта кері айналамын. Сол айналма жолға жетудің өзі мұң. Көлденең салып жатқан БАКАД-қа тездетіп неге қоспайды мына жолды?", - деп ашынды Айдын Спатаев.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қарасай ауданының халқы көлік кептелісінен мезі болды
Ал республикалық автожол мамандары мәселені шешіп қойдық деп отыр.
"Қазіргі екінші санаттағы екі жолақты жол болашақта 4 жолақты бірінші санаттағы жолға айналады. "19-шы шақырымдағы" көлік кептелісін болдырмау үшін облыстық полиция департаментімен келісіп, көліктер "19-шы шақырымнан" емес, ары қарай Бахар ауылының маңынан айналатын етіп жасап қойдық. Маусым айында БАКАД құрылысы аяқталады. Сол БАКАД арқылы барлық ауылдағы көлік кептелісі мәселесі шешіледі", - дейді "Қазавтожол" ұлттық компаниясы Алматы облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев.
Бір жарым айда "Асыл арман"ықшам ауданы мен БАКАД жолы ашылады. Кемертоған ауылы жақтан келетін көліктер қалаға БАКАД арқылы кіре алады.
Ал Ұлан, Байтөбе және бірнеше ауылдан шығатын көліктер БАКАД ашылса да, Бахар ауылының маңынан айналып өтеді.